Облыс әкімінің Конституция күнімен құттықтауы

Облыс әкімінің Конституция күнімен құттықтауы

Құрметті павлодарлықтар!
Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

30 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция — Тәуелсіздігіміздің берік іргетасы, халқымыздың бірлігінің нышаны болды. Негізгі заңымыз адам құқықтары мен бостандықтарын, теңдік пен әділеттілікті басты құндылықтар ретінде бекітіп, Қазақстанның демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде даму жолын айқындады.

Павлодар облысының тұрғындары адал еңбегімен, жауапкершілігімен және елге деген жанашырлығымен еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Бүгінде өңірімізді еліміздің индустриялық жүрегі деп атауы бекер емес — бұл сіздердің ұйымшылдықтарыңыз бен қажырлы еңбектеріңіздің жемісі.

Ата заңымыздың 30 жылдық мерейтойы аясында өңірімізде 700-ден астам іс-шара жүзеге асырылуда. Мұның бәрі құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған. Конституциямыз болашаққа деген сенім мен күштің қайнар көзі бола берсін.

Баршаңызға зор денсаулық, амандық пен бірлік, ал Отанымызға — өсіп-өркендеу мен жаңа жетістіктер тілеймін!

Мереке құтты болсын!