Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Железин ауданына барып, жылумен жабдықтау желілерінің және нысандардың алдағы жылу беру маусымына дайындығын тексерді

Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Железин ауданына барып, жылумен жабдықтау желілерінің және нысандардың алдағы жылу беру маусымына дайындығын тексерді

Железин ауылында 18 мың метрден астам жылу желілері тартылған. Орталықтандырылған жылу желілеріне қосылған 565 тұрғын үйді, 77 әлеуметтік нысанды және бірқатар ұйымдарды 5 қазандық жылумен қамтамасыз етеді.

Соңғы екі жыл ішінде барлық қазандықтар жаңартылды. Қазіргі уақытта жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде, алайда өңір басшысы орындалып жатқан жұмыстардың сапасы мен нысандардың жалпы жағдайына бірқатар ескертулер жасады.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімі жергілікті билікке 5 қыркүйекке дейін көмір жеткізуді қамтамасыз етуді, қажетті жабдықтарды жөндеуді аяқтауды және қазандықтарды, сондай-ақ олардың іргелес аумақтарына санитарлық тазалық жүргізуді тапсырды.
Энергетика басқармасына №2 қазандықтың түтін құбырына техникалық аудит жүргізу және оны 2026 жылы жаңарту мәселесін қарастыру тапсырылды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев