Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақсу қаласына барды

Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақсу қаласына барды

Өңір басшысы жұмыс сапарын «Қазхром» ТҰК Ақсу ферроқорытпа зауытының РОК-2 қазандығын тексеруден бастады. Онда өңір басшысы қала әкімі Болатбек Шәріповтың жылу беру маусымына дайындығы туралы баяндамасын тыңдады.
Ақсуда ұзындығы 1 км жылу желілері күрделі жөндеуден өткізілді, 99 км желілерді ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар 100%-ға аяқталды, №3, 5 және 8 шағын аудандарда кварталішілік жылу желілерін қайта жаңарту жалғасуда.

Өңір басшысы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кестеден озып жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.

- Қыс мезгіліне дайындық мәселелерінде қосымша уақыт алдын-ала есепке алынуы керек, соңғы апталарда «қуып жетеміз» демей. Адамдар қысқа қорқынышсыз кіруі керек. Ол үшін қазандықтар мен желілердің толық дайындығын қамтамасыз етуге міндеттіміз, - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, әкім Ленин көшесіндегі ЖМ-1/1 жылу магистралінің зақымданған учаскелерін жою бойынша жұмыстармен танысты. Аталмыш желіде гидравликалық сынақтардан кейін құбырлардың күрделі зақымдануы және қозғалмайтын тіректердің бұзылуы анықталды.

Нысанның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін өңір басшысы 2 қыркүйекке дейінгі мерзімде жылу магистралінің бұзылған үш қозғалмайтын тірегі мен зақымдалған учаскелерін қалпына келтіруді тапсырды. Бұл магистральды желіге 27 көппәтерлі үй мен 9 әлеуметтік мекемені қоса алғанда, 220-дан астам тұтынушы қосылған.

Келесі жылы қолданыстағы жылу магистралінің жобасында бұрын ескерілмеген 4 П-тәрізді компенсаторларды орната отырып, осы магистралды ауқымды реконструкциялау жоспарлануда. Сонымен қатар, жобалаушылар құбырды жер үстімен төсеуді және саябаққа қарама-қарсы арка өткелін салу туралы шешім ұсынып отыр, бұған облыс әкімі үзілді-кесілді қарсылығын білдірді.

- Бүгінгі таңда қалаларымыздың инженерлік желілерін жаңарту өте қажет, бірақ мұндай ауқымды жұмыстарды жоспарлау кезінде біз нысанның тәжірибелік құндылығын ғана емес, сонымен қатар эстетикалық құрамдас бөлігін де ескеруіміз керек. Кем дегенде, біз бәрін мүмкіндігінше функционалды және тартымды етуге тырысып, қалаларымыздың сәулетін бұзбауымыз керек.

Асайын Байханов жобалаушыларды бір апта мерзімде жобаны қайта келісуге және заманауи техникалық шешімдерді ескере отырып, жаңартылған құбырдың жер астымен өтуін қамтамасыз етуге міндеттеді — қорғаныс саркофагтарын жермен бірдей етіп орнату, жер асты суларының салдарынан су басудың алдын алу үшін ойықтары бар камералар және т. б. Жұмыстар жылу магистралін кешенді қалпына келтіруді қамтуы тиіс: тозған элементтерді толық ауыстыру, компенсаторларды орнату және құбырларды таттанудан қорғау.

Сонымен қатар Асайын Байхановқа шілде айында болған ТЖ зардаптарын жою туралы баяндалды: бүгінгі таңда барлық нысан 100% қалпына келтірілді. Зақымдалған 18 нысанның барлығы, яғни, мектептерден бастап спорттық және мәдени мекемелерге дейін ретке келтірілді. 19 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй шатыры қалпына келтірілді, жарықтандыру тіректері ауыстырылып, түзетілді және 7,8 мыңнан астам ағаш кесіліп, жасартылды.
Жұмыстарға 1,5 мыңнан астам адам мен 125 бірлік техника тартылып, 9 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Әкім қалалық инфрақұрылымның жай-күйіне мониторинг жүргізуді жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Ы. Алтынсарин атындағы мектепте 472 млн теңгеге жуық сомаға инженерлік желілерді күрделі жөндеу аяқталуда. Бұл жұмыстар ENRG компаниясымен бірлесіп іске асырылуда. Дайындық - 95% құрайды, жұмыстардың аяқталуы 22 тамызға жоспарланған.
Жұмыстардың орындалу барысымен танысқан өңір басшысы оқу жылы толығымен дайын ғимараттарда басталуы тиіс екендігін атап өтті.

Ақсуға жасаған жұмыс сапары барысында Асайын Байханов қалалық қоғамдық көліктің жұмысын тексерді. Аймақ басшысы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бағалау үшін автобустардың біріне мініп, іс жүзінде қоғамдық көліктің қалай жұмыс істейтініне көз жеткізді.

Тексеру тұрғындардан қала әкімдігіне келіп түскен шағымдарды растады. Негізгі шағымдардың қатарында: қозғалыс кестесінің сақталмауы, автобустардың техникалық жағдайы және жолаушылар үшін қолайсыздықтар бар.

Сапар қорытындысы бойынша Асайын Байханов жолаушылар тасымалы жүйесін дамыту бойынша шұғыл жиналыс өткізді.

Ақсуда екі тасымалдаушы қызмет көрсететін 12 автобус бағыты жұмыс істейді. Автокәсіпорын паркінде 26 автобус бар.

- Егер екі апта ішінде тасымалдаушылар қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша түбегейлі шаралар қабылдамаса, келісімшарттарды бұзу туралы мәселе қаралатын болады, - деді облыс әкімі. Сонымен қатар қала басшылығына кестелерді түзету және автопарктерді техникалық жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыру мерзімдерін талқылау үшін тасымалдаушылармен жеке кездесу өткізуді тапсырды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев