Өңір басшысы Асайын Байханов қала тұрғындары мен сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, көлік қызметкерлерінің қиындығы мен жауапкершілігі мол еңбегі - елдің экономикалық тұрақтылығы мен дамуының негіздерінің бірі екенін атап өтті.
Бүгінгі таңда өңірде қалалар мен ауылдарды байланыстыратын 6000 шақырымнан астам автокөлік және теміржол жолдары жұмыс істейді. Жыл сайын осы жолдар арқылы 150 млн тоннадан астам жүк тасымалданады.
Айтулы мерекеге орай Асайын Байханов ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көлік саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыс етті. «ПРОММАШ.КZ» ЖШС-нің дұрыстаушысы Алексей Анисимов «Құрмет» орденімен наградталды.
«Railways Systems KZ» ЖШС-нен Артур Хачатурянға және «ПРОММАШ.КZ» ЖШС-нің өкілі Виктор Пузинге «Құрметті теміржолшы» атағы берілді. Сондай-ақ, өңірдің бірқатар тұрғыны Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік концерт эстрада жұлдыздары Artik&Asti тобы мен Дмитрий Маликовтың қатысуымен өтті. Кеш от-шашумен аяқталды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев