Облыс басшысы қалпына келтіру жұмыстарының барысын жеке өзі бақылап, негізгі нысандарды аралап, тұрғындармен кездесті.
Ақсу бұрын-соңды болмаған дауылдан 459 нысан, оның ішінде 99 көппәтерлі және 281 жеке тұрғын үй, сондай-ақ мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелері зақымданды.
Бүгінгі таңда 18 әлеуметтік нысанның 12-сі толық қалпына келтірілді, қалғандары 20 шілдеге дейін аяқталады деп жоспарлануда. Аяқтағандардың қатарында №7 және №8 мектептер, №10 және №16 бөбекжай, "Балапан" балабақшасы және "Айгөлек"бөбекжайы. Жұмыстар №4 ЖОББМ, №20 балабақшада және Ақсу қара металлургия колледжінде жалғасуда.
79 көппәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 12-де әлі де жұмыстар жүргізілуде, қалғандарына қажетті жабдық әкелінуде. Жұмсақ шатыр толығымен қалпына келтірілді, 18 үйде қатты болып қалады. Сондай-ақ, жеке үйлерде тұратын 79 отбасы 30 млн теңгеге жуық сомаға төлем алды, тағы 51 өтініш бойынша құжаттарды жинау жалғасуда.
Өңір басшысы электрмен жабдықтау және көшені жарықтандыру жүйелерін қалпына келтіруге ерекше назар аударды. Зақымдалған 443 тіректің 360-ы қалпына келтірілді, жұмыс кезінде - 59, сондай-ақ 24 тірек толығымен ауыстырылады. Үш мамандандырылған бригада жұмыс істейді, негізгі жүктеме айналма жолға және қаланың шағын аудандарына түседі.
Аймақ басшысы сондай-ақ ағаштарды санитарлық кесуге және дауылдан қатты зардап шеккен жасыл қордың жағдайына назар аударды. Оның айтуынша, жұмыстар дендрологтардың ұсыныстары бойынша қатаң түрде жүргізілуі керек, инфекциялардың алдын алу үшін кесу жиектерін міндетті түрде өңдеу керек екендігін алға тартты.
— Егер біз біреуін емдесек, ал екіншісінк сәйкесінше көңіл бөлмесек, онда жүйе болмайды. Барлығын ақылмен жасау керек, — деп атап өтті Асайын Байханов.
Жалпы, қала бойынша 4000-нан астам ағаш кесіліп, 2500-і жасартылды, тағы 3000-ы өңделуі керек. Жұмысты 11 мамандандырылған бригада жүргізуде, 125 бірлік техника және 1500-ден астам адам жұмылдырылған. 7 500 тоннадан астам қоқыс пен бұтақ шығарылды.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Ақсу қаласында ауқымды сенбілік өтті. 500-ден астам адам және 100-ге жуық арнайы техника көшелерді қоқыс пен құлаған ағаштардан тазартты. Акцияға қала құраушы кәсіпорындар: "ЕЭК" АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты, "ДАНиЕР"ЖШС қатысты.
Кейбір аудандарда ілулі сымдар мен уақытша электрмен жабдықтау шешімдері маңызды мәселе болып қала береді. Облыс әкімі жауапты құрылымдардан барлық электрмен жабдықтау желілерін толық қалпына келтіруді жеделдетуді талап етті.
Энергетиктер, 1, 3 және Астана, 1/1, 17 көшелеріндегі үйлердің тұрғындарымен кездесу барысында өңір басшысы тұрғындардың саябақты абаттандыру, қоқыстарды жинау, шағын сәулет нысандарын орнату және т.б. бойынша шағымдары мен ұсыныстарын мұқият тыңдады.
Негізгі бақылау пункттерінің бірі жылыту маусымына дайындық болды. Өңір басшысы "ЕЭК"АҚ бес қазандығы мен төрт энергия блогына күрделі және орташа жөндеу жұмыстары басталған РОК-2 қазандығын жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Гидравликалық сынақтар жылу желілерінің 62 зақымдануын анықтады, олардың барлығы жойылды. Сынақтардың екінші кезеңі тамыз айында өтеді. Қаланың көмірге деген қажеттілігі 100% қамтамасыз етілген.
Сапар барысында Асайын Байханов Черемушка ш/а-дағы кәріз коллекторын қайта құру жұмыстарын да көрді. Мердігер құбырларды жуып, жаңа ұңғымаларды орнатады. Жұмыс қазан айына дейін аяқталады. Барлығы 4,8 шақырым желі қайта жаңартылады, жоба құны 2,5 млрд теңге.
Қалада қосымша 6 автопавильон, 5 сәулет мүсіні, 22 орындық, 23 жол белгісі және 4 бағдаршам қалпына келтірілді. Жұмыс қаланың барлық аудандарында, соның ішінде Черемушки, Беловка және Ақсу шағын ауданында жалғасуда.
Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Асайын Байханов Ақсу қаласындағы ағымдағы жағдайды қорытындылады.
- Қалпына келтіру қарқыны жақсы. Зардап шеккен нысандардың шамамен 90%-ы ретке келтірілді. Дегенмен, жұмыс жетерлік. Ең көп жұмысты қажет ететін, бұл 4 мыңнан астам ағашты санитарлық кесу, оған жылдар бойы қызмет көрсетілмеген, - деді өңір басшысы.
Сондай-ақ, әкім дауыл кезінде жаппай зардап шеккен Алтысарин көшесіндегі үйлер бойынша мәселені түсіндірді.
- Тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізіліп, шешімнің үш нұсқасы ұсынылды. Екі күннен кейін олар ортақ пікірге келуге тиіс, содан кейін біз таңдалған нұсқаны іске асыруға кірісеміз, — деп атап өтті Асайын Байханов.
Аймақ басшысы дауылдан кейін қаланы қалпына келтіру жұмыстары тиянақты жүргізілуі керек екенін атап өтті.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев