Іс-шараға облыс әкімі Асайын Байханов қатысты.
Өңір басшысы мұндай жобалар өңірлік брендтерді ілгерілетіп қана қоймай, ауылдық аумақтардың әлеуетін ашатынын атап өтті.
- «Бір ауыл - бір өнім» - бұл жетістікке жетуге және олардың бәсекеге қабілетті өнім шығара алатынын дәлелдеуге бел буған Павлодар облысының ауыл тұрғындарын үшінші жыл бойы жинап келе жатқан тамаша жоба. Көрме-сайыс - бұл өз тауарларын ұсынуға, іскерлік байланыстар орнатуға және тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік. Осылайша кәсіпкерлердің жаңа толқыны пайда болады, - деп атап өтті Асайын Байханов.
Өткен жылдары біздің кәсіпорындар «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауында өңірді лайықты түрде таныстырды. Облыстың бірқатар кәсіпорындары ҚР Президентінің «Алтын сапа» беделді сыйлығының лауреаттары атанды, бұл олардың өнімдері сапасының жоғары деңгейін және тиімді менеджментті айғақтайды.
Биыл «Қазақстанның үздік тауары» байқауына өңірдің 47 кәсіпорны қатысады. Олар кабельдік-өткізгіш өнімдерін, пластмассадан жасалған бұйымдарды, арнайы киімдерді, ұшқышсыз ұшу аппараттарын, жиһаздарды, кондитерлік өнімдерді, ара шаруашылығы өнімдерін және т.б. ұсынады.
Сайысқа тұрақты қатысушылардың қатарында «Қазэнергокабель» АҚ, «Рубиком» ЖШС, «Молком — Павлодар» ЖШС, «Айсберг ПВ» ЖШС, «Проммашкомплект» ЖШС, «Шебер» тігін фабрикасы» ЖШС және т.б. танымал кәсіпорындар бар.
Павлодар облысында үшінші жыл іске асырылып жатқан «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бірегей тауарлар жасау үшін жергілікті шикізатты пайдаланатын ауыл кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған. Биыл қатысушылар саны 30 өндірушіге дейін өсті.
Жаңа қатысушылар арасында: Баянауыл шөптеріне негізделген «SHIFA» инновациялық кремін жасайтын Құсайынов ЖК; ұлттық стильде тарихи сауыт пен қару-жарақ көшірмелерін шығаратын Шаймергенов ЖК; сондай-ақ Салық Ә.М. - этникалық дизайн элементтері бар шынайы былғарыдан жасалған бұйымдарды ұсынады.
Республикалық және Халықаралық көрмелерде оқытуды, маркетингтік сүйемелдеуді және ілгерілетуді қоса алғанда, қатысушыларға жан-жақты қолдауды «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы көрсетуде.
Байқаудың өңірлік кезеңі Павлодар облысының тауар өндірушілерінің жоғары әлеуетін тағы да көрсетті.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев