Саябақтар мен аулалар

Саябақтар мен аулалар

Ұзақ уақыт бойы жөндеу жұмцыстары жүргізілмеген Ленин саябағында тас жолдар төселіп, ойын және спорт алаңдары құрылды және архитектуралық формалар орнатылды. Бұл жұмыстардың құны 52 миллион теңге құрайды. Саябақты аралап жүрген қала тұрғындары саябақтың күн санап көркейіп келе жатқанын атап өтті.   

Ак. Шөкин жне Роза Люксембург көшелерінің арасында орналасқан Студенттер тынымбағы да жаңарып, көркейе түскен. Көп уақыт бойы жөндеу көрмеген саябақта ағаштардың қураған бұтақтары кесіліп, жаңа көшеттер отырғызылды. Сонымен бірге, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар төселіп, спорт тренажерлері орнатылды.  

Аккадемик Шөкин көшесіндегі 98 үйдің ауласында облыс әкімі ауладағы өтпе жолға жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Болат Бақауовтың айтуынша бұл жұмыстар да бірінші қарашаға дейін аяқталуы тиіс.

– Синоптиктердің болжамына сәйкес қазанның соңына дейін ауа райы қолайлы болады, – деді облыс әкімі. – Қарашаның басында күн суи бастайды. Сондықтан да, жөндеу жұмыстарын қарашаның суығына қалдырмай аяқтау керек.

Қазіргі кезде облыс орталығында 131 аулада жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 100 ауланың ішіндегі асфальт жолдардағы шұңқырлар тегістелді.