Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов депутаттар Палатасының вице-спикері Ян Бартошек бастаған Чехия делегациясымен ресми кездесу өткізді

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов депутаттар Палатасының вице-спикері Ян Бартошек бастаған Чехия делегациясымен ресми кездесу өткізді

Кездесу барысында тараптар Павлодар облысы мен Чехия арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастығын талқылады.

Облыс әкімі қонақтарды өңірдің әлеуетімен таныстырып, Павлодар облысы Қазақстанның ірі индустриялық орталықтарының бірі екенін атап өтті. Өңір барлық электр энергиясының 42%, 100% алюминий, 60% көмір, 58% ферроқорытпа және Қазақстанның отын көлемінің үштен бірін өндіреді.

Өнеркәсіптен басқа, агроөнеркәсіптік кешен, соның ішінде суармалы егіншілік белсенді дамып келеді, бұл аймақтың маңызды артықшылығы болып табылады.

Сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2025 жылдың 4 айында Павлодар облысының Чехиямен сыртқы сауда көлемі 11 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,8%-ға жоғары. Өсім, оның ішінде жоғары дәлдіктегі өлшеу және бақылау аспаптарының импорты есебінен қамтамасыз етілді.

Асайын Байханов сонымен қатар қонақтарға өңірдің мәдени-тарихи мұрасы туралы айтып берді. Сапар аясында Чехиядан келген делегация Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мешітіне барып шықты.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі Чех тарапына қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдіріп, өңірдің одан әрі өзара тиімді диалогқа ашықтығын атап өтті:

- Біз экономикадан мәдениетке дейінгі барлық салаларда ынтымақтастыққа ашықпыз. Чехия делегациясының сапары біздің серіктестігімізге жаңа серпін беретініне сенімдімін, - деп атап өтті Асайын Байханов.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев