Павлодарда ERG Service компаниясының 10 жылдық мерейтойы атап өтілді

Павлодарда ERG Service компаниясының 10 жылдық мерейтойы атап өтілді

ERG Service — Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы ең ірі әртараптандырылған сервистік компания болып табылады және ол кәсіпорынның алғашқы өндірістік міндеттерінен бастап жүйелік өнеркәсіптік әріптес мәртебесіне дейінгі үлкен жолдан өтті.

Бүгінде ERG Service төрт қуатты бөлімшені біріктіріп отыр: жөндеу-механикалық металл илемдеу зауыты, Рудный және Павлодар жөндеу басқармалары, сондай-ақ Павлодар машина жасау зауыты.

Мерейтой Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылымен тұспа-тұс келді. Кәсіпорын қызметкерлерін облыс әкімі Асайын Байханов құттықтады.

- ERG Service - бұл 6 мыңнан астам білікті маман, мыңдаған табысты іске асырылған жобалар және өңір экономикасына елеулі үлес. Еңбек ұжымын ерекше атап өткен жөн. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз жоғары құрметке лайық. Сіздер Қазақстанда күрделі техникалар жасап, инновацияларды енгізудесіздер және машина жасауды сенімді дамытудасыздар. Сіздер сияқты ұжымдар бүкіл өнеркәсіп саласының тірегі болып табылады, - деп атап өтті өңір басшысы.

Мереке қарсаңында кәсіпорын қызметкерлері көп жылғы адал еңбектері, өңірдің металлургия және машина жасау саласының дамуына қосқан үлестері үшін мемлекеттік және корпоративтік наградалармен марапатталды.

Өңір басшысы Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.

Компанияның үздік қызметкерлері III дәрежелі
«Еңбек даңқы» төсбелгілерімен және «ERG адалдағы үшін», «Еңбек айбыны үшін», «Өндірістік саладағы сіңірген еңбегі үшін», «Мамандығы бойынша үздік», «ERG Service еңбек ардагері», «ERG Service еңбек сіңірген қызметкері» ERG корпоративтік белгілерімен марапатталды.

Жөндеуші слесарлар мен қалыптаушылардан бастап сапа бақылаушылары мен электрмен дәнекерлеушілерге дейін жұмысшы мамандықтарға ерекше назар аударылды.

Компания басшылығы мерейтойға орай қызметкерлерге жаңа JAC автокөліктері мен пәтер кілттерін табыстап, әрбір еңбек мамандығының маңыздылығын және компаниядағы әлеуметтік қолдаудың жоғары деңгейін атап өтті.

Мерейтой қазақстандық эстрада жұлдыздарының, соның ішінде Kalifarniya мен Дильназ Ахмадиеваның қатысуымен өткен концертпен аяқталды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев