Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!
Бұған дейін Ак. Сәтбаев көшесі, 49 мекенжайындағы әкімдіктің ғимаратында орналасқан азаматтарды қабылдау орталығы 8 шілдеден бастап жаңа мекенжайда - Ген. Дүйсенов көшесі, 80 ғимаратында жұмыс істейтін болады.
Ендігі уақытта кеңес алу, өтініштер беру және мемлекеттік қызметтерді пайдалану ыңғайлы әрі жылдам болады, яғни барлығы бір жерге жинақталған:
ХҚКО, мемлекеттік органдар, азаматтардың өтініштерін қоғамдық қабылдау, 109 және 112 қызметтері, АХАТ, отбасын қолдау және еңбек ұтқырлығы орталықтары.
Сонымен қатар, бұған дейін Кривенко көшесі, 25 (1 қабат) мекенжайында орналасқан барлық қызметтер де осында көшірілді.
Мемлекеттік органдар басшыларының жеке қабылдауларына да осы жерде жазылады.
Орталықтың жұмыс кестесі:
дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін;
түскі ас уақыты - 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Анықтама телефоны: 8 (7182) 65-10-50, 87021661661.
Қалай жетуге болады:
Автобустар: «Диагностикалық орталық» аялдамасына дейін (№3, 11, 11А, 18, 27, 126 маршруттар) және «ОӘД» аялдамасына дейін (№1, 5, 21, 22).
Трамвайлар: Естай аялдамасы (№ 1, 5, 6, 12, 13, 14).