ТЖ жою бойынша жедел штаб құрылды

ТЖ жою бойынша жедел штаб құрылды

19 маусым күні өңірімізде екпіні секундына 43 метрге дейін жететін дауылды жел болып өтті. Дауылды жел айтарлықтай зиян келтірді: электр желілері зақымдалды, шатырлар қирады, ағаштар құлады. Өкінішке орай, бір адам қайтыс болып, 18 адам зардап шекті. Барлық зардап шеккен жандарға қажетті медициналық көмектер көрсетіледі.

Дереу жедел штаб құрылып, облыстық ТЖ комиссиясының кезектен тыс отырысы өткізілді. Дауылды желдің эпицентрінде - Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалалары, сондай-ақ Баянауыл, Май және Павлодар аудандары болды.

Баянауыл ауданында электрмен жабдықтау желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ақсуда электр энергиясы қалпына келтірілді.

Қалпына келтіру жұмыстары облыс әкімі Серік Батырғұжиновтың жеке бақылауында. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта 139 бірлік техника, 394 адам және 48 апаттық бригада жұмылдырылды.



Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі