«Volunteer PVL» жобасы аясында «ЭКО серуен» экологиялық шарасы өтті

«Volunteer PVL» жобасы аясында «ЭКО серуен» экологиялық шарасы өтті

А.ж  18 маусымында сағат 10:30-де  «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» КМҚК, Потапов көшесі, 7. Облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Volunteer PVL» жобасы аясында «ЭКО серуен» экологиялық шарасы өтті. Шараның басты мақсаты Эковолонтёрлерді ойын және практикаға бағытталған белсенді жаттығулар арқылы экологиялық мәдениетті дамытуға тарту.

Мақсатты аудитория ретінде  Экологиялық волонтерлер, волонтерлік ұйымдар және бастамашыл топтар қатысты.

Іс-шара эковолонтёрлерге арналған интерактивтік және практикалық белсенді жаттығуларды қамтыды. Қатысушылар экологиялық квизге қатысып, ойында олар экология мен тұрақты өмір салты туралы білімін тексеріп және кеңейтуде түрлі ойындарға қатысты.

Экологиялық ойлауды дамытатын тапсырмалар мен сұрақтарды қамтитын екі күрделілік деңгейіндегі «ЭКО серуен» үстел ойыны өткізілді.

Экологиялық бағдарламаны практикалық бөлім аяқтап: экоорталық аумағындағы жасыл аймақты тазалау және суару, бұл практика қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталды.

Белсенді практикалар қатысушыларды білім мен жеке бастаманы біріктіретін қарапайым, бірақ маңызды экологиялық іс-әрекеттерге тартуға бағытталған.

 Ойын және ұжымдық жұмыс арқылы ортақ кеңістік үшін жауапкершілік сезімі қалыптасып, экологиялық сана-сезім және аз ғана күш-жігердің қоршаған ортаға айтарлықтай пайда әкелетінін түсініктің дамуына септігін тигізді.

Іс-шара волонтерлер командасын бірігуге, тұрақты даму және экологиялық ынтымақтастық құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.

Толық ақпаратты crmi_pvl  әлеуметтік парақшасында және 8 747 365 05 57 нөмірі бойынша – Хамзаева Айша, облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығының «Media» орталығының инспекторынан алуға болады

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan