Баянауылда жаңа «BAYANAUL ARENA» спорттық-сауықтыру кешені ашылды

Баянауылда жаңа «BAYANAUL ARENA» спорттық-сауықтыру кешені ашылды

Баянауылда «BAYANAUL ARENA» заманауи спорттық-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл аудан тұрғындары үшін тартымдылық орталығына айналатын өңірлік ауқымдағы бірегей нысан.

Жалпы ауданы 2000 шаршы метрден асатын кешеннің ішінде: Павлодар облысының аудандарындағы бірінші 25 метрлік бассейн, күрес, бокс және тренажерлік жаттығуларға арналған залдар, волейбол мен баскетбол алаңдары, шағын футболға арналған алаң және жүгіру жолы, ұлттық спорт түрлері - садақ ату және тоғыз құмалақ залдары бар.

Кешен ғимараты барлық заманауи талаптарды ескере отырып салынған. Барлық киім ауыстыратын бөлмелер жуынатын бөлмелермен жабдықталған, 15 орындық буфет, көрермендер аймағы орналасқан.

Денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына мемлекеттік бюджеттен 2 млрд 650 млн теңге бөлінді.

Кешен озық еуропалық жабдықтармен жабдықталған, ал ішкі әрлеуі берік және қауіпсіз материалдарды қолдана отырып жасалған.

Ашылу салтанатында облыс әкімі:
- Біздің жұмысымыз бос ұрандар мен жалынды сөздер емес. Біз әрқашан халыққа берген уәделерімізді орындауға тырысамыз. Солардың бірі - екі жыл бұрын балаларымызға уәде еткен «BAYANAUL ARENA» спорт кешенін іске қосу.

Табиғаты керемет болғанымен, инфрақұрылым жаңартуды қажет етеді және бұл жұмыстар жалғасуда. Баянауылдың дамуына үлес қосқан жандардың барлығына алғысымды білдіремін. Бұл кешен болашақ чемпиондар үшін шабыт пен күш-қуат көзі болсын, - деді Асайын Байханов.

Ардагер Теміртай Ізбастин мен халықаралық туризм және меймандостық университетінің қолдауымен аудан түлектеріне - Аружан Амантай мен Дамир Такишевке арнайы білім беру гранттары табысталды.

Құрметті қонақтар кешен аумағын аралып, экскурсия жасады. Жүзушілердің, боксшылардың, балуандардың және тоғызқұмалақ пен садақ ату секцияларының қатысушыларының жаттығулары кереметтей әсер сыйлады. Сондай-ақ, кәсіби жабдықтары бар теннис залы да таныстырылды.

Сонымен қатар, осы күні Баянауылда «ПЕГАС» жанармай құю станциясы ашылды. Асхана, қонақүй бөлмелері және сауда залы бар заманауи нысан саяхатшыларға арналған қызметті жақсартуға бағытталған.

Әлеуметтік нысандардың ашылуы туристік аймақтың дамуындағы маңызды қадам және денсаулық пен спортқа назар аудару бүкіл қоғамның өмірін қалай өзгерте алатынының жарқын үлгісі.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев