Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның 2024 жылғы және 2025 жылғы ағымдағы кезеңдегі жұмысының қорытындылары талданған жиналыс өткізді

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның 2024 жылғы және 2025 жылғы ағымдағы кезеңдегі жұмысының қорытындылары талданған жиналыс өткізді

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 2024 жылы 2,6 миллиард теңге бөлініп, оның 1,8 млрд теңгесі игерілді. «Кең Дала 2» бағдарламасы бойынша 10 млрд теңге игерілді. Сондай-ақ, жыл ішінде ӘКК қатысуымен жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге екі инвестициялық жоба іске асырылды. Бұдан басқа, АӨК саласына 4 млрд теңгеге несие берілді.

Өңірдің тұрақтандыру қоры 2,3 млрд теңгеден астам сомаға 11,1 мың тонна азық-түлік қорын құрады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңірде 203 серіктес дүкен жұмыс істейді.

Тұрғын үй құрылысы саласында 2024 жылы 43,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл қорытындысы бойынша ӘКК кірісі 310 млн теңгені құрады (жоспар бойынша 130 млн теңге), бұл жоспарлы көрсеткіштердің екі еседен астам артқанын көрсетеді.

2025 жылға 13 млрд теңгеден астам сомаға өнімдер мен қызметтерді іске асыру жоспарланған, оның 11 млрд теңгеден астамы тұрғын үй құрылысы саласындағы жобаларды іске асыру есебінен алынады деп күтілуде. Олардың қатарында Назарбаев көшесі, 309а (420 пәтер) тұрғын үйінің және Ладожская көшесі, 2 (96 пәтер) тұрғын үйінің құрылысы бар.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бүгінгі күні 2,2 млрд теңгеден астам сомаға шамамен 10,5 мың тонна өнім бар. Жақын арада жұмыртқа, тұз, макарон және ерте өсетін көкөністерді қосымша сатып алу жоспарлануда.

ӘКК-нің 2024-2025 жылдарға арналған салымдары мен инвестицияларының жалпы көлемі 11,8 млрд теңгені құрайды. Негізгі бағыттардың қатарына: трамвай басқармасының жарғылық капиталын ұлғайту, тұрғын үй құрылысын дамыту, қант зауытын салуға инфрақұрылым құру, сондай-ақ шағын және орта бизнестің инвестициялық жобаларын қолдау жатады.

Сонымен қатар, өңір басшысы ӘКК жұмысының бірқатар бағыттар бойынша төмен нәтижесіне көңілі толмайтынын жеткізді. Ол ӘКК-нің басты міндеттерінің бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру болып табылатынын, алайда қазіргі уақытта қабылданып жатқан шаралардың жүйелі әсері байқалмайтынын атап өтті.

- ӘКК-нің басты міндеттерінің бірі негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру болып табылады. Алайда, бүгін біз қабылданып жатқан шаралардың жүйелі әсерін көріп отырған жоқпыз. Сонымен қатар, мен әрбір бағыт бойынша тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (KPI) анықтауды тапсырдым, — деп атап өтті Асайын Байханов.

Сондай-ақ, өңір басшысы өткен жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы және агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобалар аясында берілген бюджеттік несиелерді қайтару мәселесін қатаң бақылауға алуды тапсырғанын атап өтті. Осы бағыттар бойынша әкім атқарылған жұмыстар туралы нақты есептерді ұсынуды талап етті.

Сонымен қатар, құрылыс мерзімдерін сақтау мәселелері көтерілді. Өңір басшысы жүйелі мәселелердің бар екендігін атап өтті: мердігерлік ұйымдардың жұмысына бақылаудың әлсіздігі және жұмыстарды орындау мерзімдерінің сақталмауы. Осыған байланысты ол ӘКК тарапынан құрылыс жобаларының іске асырылуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Жиналыс барысында қант және крахмал зауыттарын салу, Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен трамвай паркін дамыту, сондай-ақ Павлодар мен Ақсу базарларын жаңғыртуды қоса алғанда, басқа да ірі жобалар қозғалды.

Жиналыс қорытындысы бойынша облыс әкімі ӘКК жұмысының нәтижелілігін арттыруға, мердігер ұйымдардың жұмысына бақылауды күшейтуді, бюджет қаражатын қайтаруға және өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық жобалары бойынша жұмыстарды жандандыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев