Бүгін, 4 маусым күні Павлодарда Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шараға облыс әкімі Асайын Байханов қатысты. Павлодар гарнизонының басшысы салтанатты шараға дайындығы жөнінде баяндады. Алаңға жиналған қала тұрғындары, ардагерлер, қоғам өкілдері мен жастар еліміздің әнұранын шырқап, мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді.
Осыдан тура 33 жыл бұрын, 1992 жылдың 4 маусымында тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұран бекітілді. Бұл күн ел тарихындағы ең маңызды кезең және еліміздің егемендігінің, ұлттық бірлігі мен патриотизмінің символы.
Мерекенің құрметіне өңірде ұлттық сана-сезімді, ұрпақтар сабақтастығын және Отанға деген сүйіспеншілікті нығайтуға бағытталған патриоттық акциялар, флешмобтар, спорттық және мәдени іс-шаралар өтті.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев