Облыс әкімі жұмыс сапарымен Тереңкөл ауданына барды

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Тереңкөл ауданына барды

Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Тереңкөл ауданына барып, әлеуметтік инфрақұрылым мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған басым жобалардың іске асырылуымен, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты.

Ағымдағы жылы ауданда басымдық берілген 16 жобаны іске асыруға 1,9 млрд теңге қаражат бөлу көзделген, оның ішінде 379,5 млн теңге бонустық трансфертті құрайды. Қаражат Октябрь және Калиновка ауылдарындағы су мұнаралары мен тазарту құрылыстарын күрделі жөндеуге, жаяу жүргіншілер жолдарын салуға, сондай-ақ аудан орталығын абаттандыруға бағытталған. Песчан және Ивановка ауылдарында ауқымды жұмыстар жүргізілуде: көшелерді жарықтандыру құрылысы, жолдарды, білім беру және мәдениет нысандарын жөндеу.

Песчан ауылында өңір басшысы 2005 жылдан бері жаңартылмаған «Балдырған» балабақшасын күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Қазіргі уақытта ғимараттағы ескірген құрылымдар алынып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін аяқтау жоспарланған. Жоба облыстық бюджеттен қаржыландырылып, жалпы 259 млн теңге қаражат бөлінді. Облыс әкімі мердігер ұйымға мерзімдерді қатаң сақтауды және жұмыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, Песчан ауылында облыс әкімі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Жоба бойынша нысанда волейбол, баскетбол, күрес залдары, жасанды жабыны бар футбол алаңы, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер қарастырылған. Жобаның жалпы құны 661,8 млн теңгені құрайды. Өңір басшысы құрылыс кестесін сақтап, жұмыстың сапасын қатаң бақылауға алуды, сондай-ақ спорттық құрал-жабдықтармен жабдықтау кезінде жастардың мүдделерін ескеруді тапсырды.

Береговое ауылында облыс әкімі шаруа қожалықтардың басшыларымен кездесу өткізіп, егіс науқанының өзекті мәселелерін талқылады. Тереңкөл ауданының әкімі Азамат Манғұтов ағымдағы жылы жалпы егіс алқабының көлемі 317,2 мың гектарға жеткізілгенін және бұл өткен жылмен салыстырғанда 114%-ды құрайтынын баяндады. Бүгінгі таңда 136,7 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар егілді. Сұлы, арпа, жүгері, күнбағыс, зығыр, қыша және соя егу жұмыстары аяқталды. Қарақұмық, тары, бұршақ және рапс дақылдарын егу жұмыстары жүргізілуде.

Суару жүйесін дамыту шаралары да қарастырылды. 2025 жылы суармалы жерлердің көлемін 8 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 740 трактор жұмылдырылған, 1,3 млрд теңгеден астам сомаға қосымша 19 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

Диқаншыларды қолдау үшін 5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, 13,8 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды. Жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары белсенді жүзеге асырылуда.
«Кең дала 2» бағдарламасы бойынша жалпы 2,4 млрд теңгеден астам сомаға 25 несие берілді. Сондай-ақ, «Кең дала 1», «Агро Бизнес» және «Іскер» бағдарламалары аясында да несиелер берілді. «Тереңкөл КТ» АҚ арқылы 632 млн теңгеге 30 шаруашылық қаржыландырылды. Ағымдағы жылдың басынан ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 1 млрд 218 млн теңге субсидиялар төленді.

Облыс әкімі ауыл шаруашылығы өндірушілерін мемлекеттік қолдауды жалғастыруды, уақытылы субсидиялауды және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің цифрлық мониторингі бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, сапар барысында өңір басшысы 2,5 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабын өңдейтін «Шаров» шаруа қожалығына барды, оның ішінде 2,4 мың га егіс алқаптарын құрайды.

Сонымен қатар, облыс әкімі Германиядан әкелінген асыл тұқымды «Дорпер» қойларын өсіруге маманданған «TAWA AGRO ШҚ» ЖШС-де болды. Асайын Байханов асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуын жоғары бағалап, шаруашылықты кеңейту мүмкіндігін пысықтауды тапсырды. Ол егіншілікке заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтіп, ауданның басқа да ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін мысал болатын осындай шаруашылықтарды қолдау қажеттігін атап өтті.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев