Қамкөңіл жандарға сыйлық: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге жаңа көліктер берілді

Қамкөңіл жандарға сыйлық: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге жаңа көліктер берілді

Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында салтанатты және мерекелік атмосферада облыс әкімі Асайын Байханов жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсететін сегіз мекемеге шағын автокөліктердің кілттерін табыс етті.

Күн сайын аса маңызды әлеуметтік миссияны атқаратын, яғни, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қамқорлық жасап, оларға тәрбие беріп және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін ұйымдарға автокөлік беру мемлекеттік қолдаудың жарқын символы.

Жаңа шағын автобустарға Павлодар мен Кенжекөл ауылындағы «Отбасылық үлгідегі балалар ауылдары», «Жас ұрпақ» КМҚК, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау өңірлік орталығы, сондай-ақ Павлодар, Екібастұз, Шақат және Успен ауылдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталықтары ие болды.

Мекеме басшылары балалардың мәселелеріне назар аударылғаны үшін шынайы ризашылықтарын білдіріп, жаңа көліктер олардың қамқорлығындағы жандарға көмек көрсету мүмкіндіктерін едәуір ұлғайтатынын атап өтті.

Біз үшін бұл жай ғана көлік емес - бұл мейірімділіктің жаңа бағыттары, балалардың әлеуметтенуі мен толыққанды өмір сүруі үшін мүмкіндіктер. Көрсетілген қолдауға өте ризамыз және бірлесіп балаларымызға көбірек жылулық, сенімділік пен қамқорлық бере алатынымызға сенеміз, - деп атап өтті Екібастұз қаласындағы «Үміт» балаларды қолдау орталығының басшысы Нағима Әбдірахманова.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев