Балалардың қуанышы

Балалардың қуанышы

Бұрын Жаяу Мұса көшесі, 4 үй мекенжайы бойынша орналасқан облыстық балалардың психоневрологиялық орталығы Толстой көшесі 143/1 үйде орналасқан кең ғимаратқа көшірілді. Бұған дейін балабақша ғимаратының бір бөлігінде қысылып келген медициналық-әлеуметтік мекеме ендігі жерде аумағы 2 мыңнан астам шаршы метрді құрайтын кең әрі жарық ғимаратта жұмыс істейді. 

Психикалық ауытқулары бар балаларға түрлі қызмет көрсететін орталық 2002 жылдан бері жұмыс істейді. Алайда, тек 15 жылдан кейін ғана 50-ден астам бала емделетін мекеме бұған дейін бос тұрған кең ғимаратқа көшірілді.

Ғимараттың ішінде күндізгі бөлімше, асхана және кір жуу орны қарастырылған. Балаларға үшін арнайы физио және массаж кабинеттері ашылған, – дейді орталық директоры Айман Қосдәулетова. – Сонымен бірге, орталықта тігін, әдіскер, дефектолог және логопед кабинеттері, сенсорлық бөлім, еңбек терапиясы кабинеті мен емдеу-дене шынықтыру мәдениеті залы бар. Біздің мекеме қажет құралдармен толық жабдықталған.

Павлодар облысының әкімі орталықтың ұжымын қоныс тойымен құттықтап, мекемеге қажетті қолдау көрсетіледі деп уәде берді.

 – Орталыққа әкелетін жолды жөндеу керек, – деді ол мекемені аралау кезінде. – Екіншіден, орталықты су және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін коммуникацияларды реттеу қажет.

Сонымен бірге, аймақ басшысы өнеркәсіптік аймақта орналасқан орталыққа жету мәселесі тез арада шешу керек деді. Қалалық әкімдіктің өкілдері қалалық автобус маршрутына өзгеріс енгізіп, оны орталыққа дейін келетіндей қылу керек деп ұсыныс тастады. Алайда, облыс әкімі анағұрлым ыңғайлы шешім қабылдап, орталыққа жеке автобус бөлу керек екенін айтты.