Безгек - plasmodium тұқымдасының паразиттері тудыратын, безгек ауыруының жалғыз тасымалдаушысы болып табылатын Anopheles тұқымдастығының масалары шағу арқылы адамдарға берілетін жұқпалы ауру.
Безгектің белгілері – қызба, бас ауруы және қалтырау – әдетте жұқтырған масаның шағуынан 10-15 күн өткен соң пайда болады.
Емдеу болмаған жағдайда, асқынулардың дамуына, кейбір жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.
Безгектің тасымалдаушысы-масалар, ағысы баяу тоғандарда, су қоймаларында, өзеннің ескі арналарында өсіп, көбейеді. Азияның тропикалық елдеріне, Африка, Латын Америкаға туристік сапарға белсенді шығу, инфекцияның пайда болу қауіпін жоғарлатады, сонымен қатар, біздің еліміздегі климаттық жағдайлар масалардың өмір сүруіне ешқандай кедергі келтірмейді. Бір сөзбен айтқанда, безгектің сырттан әкеліну жағдайларының пайда болу қаупі жоққа шығарылмайды.
Эндемиялық елдерге барғанда безгек бойынша не білу керек?
Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы