"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 23 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) "Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: 1) қоршаған ортаға шекті жол берілетін шығарындылардың, зиянды заттардың, физикалық факторлардың шекті жол берілетін төгінділерінің нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:

- осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- қоршаған ортаға зиянды заттардың, физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары, шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;
2) санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғау аймақтарының нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
- осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- санитариялық күзет аймағының, санитариялық-қорғау аймақтарының нормативтік құжаттамасы жобасының электрондық көшірмесі (есептік (алдын ала), белгілеу үшін);
- (белгіленген (түпкілікті) үшін) шынайы зерттеулер мен өлшемдердің жылдық циклінің хаттамасы;
3) шикізат пен өнімге нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
- осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жаңа шикізат пен өнімге арналған нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;
4) топыраққа, су айдындарына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме бойынша материалдарға нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
- осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- топыраққа, су айдындарына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме материалдары бойынша нормативтік құжаттама жобасының (есебінің) электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызмет "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 5-қосымшада көрсетілген.

Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы