Оқу жылы аяқталып, оқушылар арасында шамадан тыс шаршаудың алдын алу мәселесінің өзектілігі артты. Қатты шаршау жүйке және психосоматикалық, жедел және созылмалы аурулардың дамуының алғышарттары болып табылады.
Оқушылардың оқу күні айтарлықтай ақыл-ой және көңіл-күй жүктемелеріне толы, қабылданатын және өңделетін ақпараттың үлкен көлемін қоса алғанда, статикалық шиеленісте ұзақ уақыт болуы және қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіздігі.
Шаршау мен қатты шаршаудың алдын алу мақсатында келесі ұсыныстарды сақтағаны жөн:
Күн тәртібін дұрыс құру.
1-4 сынып оқушыларының түнгі ұйқысы 10-10,5 сағатты, 5-7 сынып - 10,5 сағатты, 6-9 сынып - 9-9,5 сағатты, 10-11 сынып - 8-9 сағатты құрауы тиіс. Бірінші сыныптағы балаларға ұзақтығы 2 сағатқа дейінгі күндізгі ұйқыны ұйымдастыру ұсынылады. Кіші сыныптар сағат 22:00-ден кешіктірмей ұйқыға жатуы тиіс.
Оқушының жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру: табиғи және жасанды жарықтандырудың жеткілікті түсуі, баланың бойы мен жасына сәйкес келетін үстел мен орындықты таңдау, баланы оқу орнында "дұрыс отыруға" үйрету және орындауын бақылау. Үй-жайды үнемі желдету және күнделікті ылғалды жинау жүргізу.
Толыққанды және әртүрлі тамақтану: ас қабылдау еселігін және арасындағы аралықтарды сақтау. Дәрігердің ұсынысы бойынша: дәрумендерді қабылдау.
Көңіл-күй жүктемесін жеңілдету (сөйлесу, әзіл-күлкі, музыка тыңдау, комедиялар мен мультфильмдерді қарау, анекдоттарды оқу, билеу және т. б.).
Тыйым салынбаған жағдайда таза ауада серуендеу, белсенді демалу (қозғалмалы ойындар және қозғалу белсендігінің басқа да түрлері).
Көзге арналған гимнастика. Өзіне-өзі массаж жасау.
Оқушылар үшін дене шынықтыру минуттарын өткізіңіз. Жаттығулар шапшаң қимылсыз, әр жаққа 2-3 реттен орындалады. Соңында босаңсу сәті.
Басты тіренгенге дейін солға, содан кейін оңға бұрыңыз. Басыңызды иіп, мойынның айналасында домалатқандай етіп, екі жаққа кезекпен айналдыру. Басыңызды солға иіп, саусақпен сәл басып ұстаңыз, сосын оңға қайталаңыз. Иық пен мойын түбін артынан және бүйірлерінен қатты баспай, қолмен уқалау.
Қолдарды жоғары көтеріп, құлыптау, содан кейін солға, оңға, артқа және алға кезек-кезек еңкею. Белдің айналасында денені айналдырып қозғалу. Денені тіренгенге дейін солға, одан кейін оңға бұру.
Саусақтарды жұдырыққа түйіп, тіренгенге дейін жазу. Қолды иық бойымен екі жаққа созып, қолды білезікте алға-артқа айналдыру, сосын шынтақта және иықта қайталау. Иықты көтеріп, түсіру. Иықты артқа жауырынын қосып тарту.
Табанды бұрау. Аяқ саусақтарын түйіп, жазу. Арқаны тік ұстап тұрып, тізені бүгіп, жазу. Арқада жатып, аяқты "велосипедті" айдағандай айналдыру, аяқты "қайшы" тәрізді айқастыру.
Әдетте, сауатты ұйымдастырылған күн оқушының көңіл-күйі, жағдайына және үлгеріміне тез арада оңтайлы өзгерістер әкеледі.
Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы