Ұлттық қордан төлем алу үшін банктік шотты қандай банктерде ашуға болады? «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатысу үшін банктерге қойылатын қандай да бір алғышарт немесе талаптар бар ма?

Ұлттық қордан төлем алу үшін банктік шотты қандай банктерде ашуға болады? «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатысу үшін банктерге қойылатын қандай да бір алғышарт немесе талаптар бар ма?

ҚР «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңында (бұдан әрі - Заң) уәкілетті операторларға кімнің жататыны туралы ұғым мен «БЖЗҚ» АҚ-ға уәкілетті операторлармен өзара іс-қимыл жасау бойынша міндеттер ғана бекітілген.

Осылайша, Заңда екінші деңгейдегі банктерге ешқандай шектеу қойылмаған, БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Қазақстанның кез келген екінші деңгейдегі банкі қатыса алады. Бұл екінші деңгейдегі банктер де, «Қазпошта» ұлттық операторы да болуы мүмкін. Бүгінгі күні уәкілетті операторлар болып "Отбасы банкі" АҚ және "Халық банкі" АҚ бекітілген.