Өзіңізді және жақындарыңызды мереке күндері жіті ішек инфекциялары және тамақтан уланудан қорғау үшін келесідей ұсынымдар береміз:
-мерекелік дастарханға көп компонентті салаттар және басқа да күрделі тағамдарды дайындамау: себебі олар микробтар мен вирустар көбеюіне қолайлы орта болып саналады;
-тез бұзылатын өнімдерді (сүт, шұжық өнімдері, дайын салаттар, кремді-кондитерлік өнімдер) сатып алғанда, сақтау мерзімі мен шарттарына ерекше назар аудару;
-көкөністер мен жемістерді ағынды сумен мұқият жуу;
-жарамдылық мерзімі өткен немесе тоңазытқышта сақталмаған өнімдерді тұтынбау;
-өнімдерді, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқаны мұқият қайнату немесе қуыру;
-жаңа піскен тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмау;
-салаттар мен басқа да тез бұзылатын өнімдерді дастарханға қояр алдында ғана араластыру, көп мөлшерде дайындамау және тоңазытқышта 12 сағаттан артық сақтауға болмайды;
-кремі бар кондитерлік өнімдерді тек тоңазытқышта сақтау;
-өнімдерді сатып алғанда, таңбалануына назар аудару – ол оңай оқылуы керек, шығарылған күні мен жарамдылық мерзімі көрсетілуі тиіс;
-ветеринариялық бақылаудан өткен сауда орындарында ғана ет, сүт және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерді сатып алу қажет.
Мереке күндері жоғарыда аталған ұсынымдарды орындау тұрғындардың денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы