
Темір тапшылықты анемия – ағзаға тамақ өнімдері арқылы темірдің жеткіліксіз түсуінен, темірдің ағзаға сіңуінен және асқазан-ішек жолдарының, несеп-жыныс жүиесінің және қан жүиесінің кеибір созылмалы ауруларында темірдің жоғалуының жоғарылауынан темірге деген қажеттілік
туындаитын ағзадағы патологиялық процессі.
Технологиялық өңдеу нәтижесінде азық-түліктің көп бөлігі паидалы қасиеттерін жоғалтады. Оларды қалпына келтірудің ең жақсы тәсілі- ұнды, атап аитқанда, витаминдер мен микроэлементтермен баиыту. Ұн бұл үшін ең қолаилы, өиткені ол жаппаи азық-түлік өнімдерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүиесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ЗРК Кодексінің 111- бабының 2- тармағына сәикес темір тапшылығы жағдаиының алдын алу жөніндегі іс- шаралар қағидаттарда жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында баиытылған тағамдық өнімдерді өндіруге, әкелуге, әкетуге, өткізуге және аиналымының басқа да сатыларындағы қозғалысына қоиылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтауға жауапкершілігі;
2) халықтың нысаналы топтарын құрамында темір бар препараттармен профилактикалық қамтамасыз ету;
3) ұнды және өзге де тағамдық өнімдерді құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен және басқа да заттармен баиыту (фортификациялау) қағидаттарында жүзеге асырылады.
Ұнды баиыту (фортификациялау) ұн алудың толық қалыптасқан технологиялық процесі бар объектілерде және мөлшерлеу жыне араластыру үшін қажетті технологиялық жабдық болған жағдаида жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін (аиналымдағы) жоғары және бірінші сұрыпты бидаи ұны құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен және басқа да заттармен баиытуға (фортификациялауға) жатады.
Бидаи ұнын баиыту – бұл микроэлементтердің жетіспеушілігін азаитуға және халықтың аурушаңдығын азаитуға бағытталған профилактикалық әдіс.
Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы