Қазақстан Республикасының халқы арасында тұмау, ЖРВИ және
COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының
әкімдіктері медициналық, білім беру, әлеуметтік және өзге де ұйымдардың
қажетті температуралық режимді сақтауды қоса алғанда жылдың күзгі
-қысқы
кезеңіндегі жұмысқа дайындығын қамтамасыз етсін.
2. Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының
денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:
1) ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап медициналық ұйымдардың
тұмауға қарсы иммундау науқанын жүргізуге дайындығын, оның ішінде:
- ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін тұмауға қарсы вакцинациялауға
жататын адамдардың тізімін дайындауды; - вакцинаны сақтау және тасымалдау талаптарын сақтауды;
- егу кабинеттерін, егу бригадаларын тұмауға қарсы вакцинациялауға
дайындауды және иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жағдайда
шұғыл көмек көрсетуді;
2) медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлерінің бетперде кию
режимін енгізуді;
3) ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап «Медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық
екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын,
мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24
қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес аумақтық департаменттерге ақпарат
ұсына отырып
, адамдарға тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізуді;
4) эпидмаусым кезеңінде медициналық ұйымдардың тұмаумен,
ЖРВИ-мен және COVID-19-бен ауыратын науқастарды қабылдауға және жеке
қорғаныш құралдарының болуын енгізуге дайындығын;
5) ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастарды сұрыптау қағидатын
сақтауды ескере отырып, тұмаумен, ЖРВИ-мен және COVID-19-бен
сырқаттанушылықтың эпидемиялық көтерілуі кезінде медициналық
ұйымдарда қосымша инфекциялық төсек-орнын ашу жоспарын бекітуді;
6) тұмаумен, ЖРВИ және COVID-19-бен, ауруханадан тыс
пневмониямен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету
мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін даярлауды (оқытуды),
медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режимді сақтауды және басқа
инфекциялардың дифференциалды диагностикасын жүргізуді;
7) вакцинация жүргізетін медицина қызметкерлерін профилактикалық
іс-шаралар жүргізу мәселелері бойынша оқытуды жүргізуді;
8) кіреберісте ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастар үшін
медициналық ұйымдардың аумағында және ғимаратында тиісті көрсеткіштері
бар «сүзгілерді» ұйымдастыруды және жабдықтауды;
9) медициналық ұйымдарда температуралық режимді қамтамасыз
етуді;
10) тұмау, ЖРВИ және COVID-19 көріністері, олардың асқынулары
(пневмония) бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларды күнделікті
патронажды, уақтылы емдеуге жатқызуды қамтамасыз ете отырып, үйде
шақыруларға бірінші кезекте қызмет көрсетуді;
11) медициналық ұйымдарда дезинфекциялық режимді күшейтуді;
12) тұмаумен, ЖРВИ-мен, COVID-19-мен сырқаттанушылықтың
көтерілуі кезеңінде жұмыскерлерді жұмыс орындарына жіберу алдында және
жұмыс күні ішінде ЖРВИ белгілері бар адамдарды жұмыс орнында болудан
шеттете отырып, олардың дене температурасын бақылау мониторингін
жүргізуді;
13) пациенттер болатын жерлерде тұмаудың, ЖРВИ және COVID-19
профилактикасы туралы ақпараттық материалдарды (жадынамалар,
нұсқаулықтар, стенділер, кітапшалар, парақшалар, плакаттар, тұмаудың
профилактикасы жөніндегі бейнематериалдарды көрсету) орналастыруды;
14) тұмауға, ЖРВИ-ге және COVID-19-ға зертханалық зерттеулер
үшін биоматериалды алуды, сақтауды және жеткізуді;
15) «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және
олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19
коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялықэпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27
мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-47 бұйрық)
сәйкес тұмауға, ЖРВИ мен COVID-19-ға күнделікті эпидемиологиялық
қадағалау жүргізу және тұмауға ұқсас ауруларға (бұдан әрі – ТҰА) және ауыр
жіті респираторлық инфекцияларға (бұдан әрі – АЖРИ) шолғыншы
эпидемиологиялық қадағалау жүргізуді;
16) тұмау, ЖРВИ, ТҰА және АЖРИ-ды күнделікті және шолғыншы
қадағалау шеңберінде:
- ТҰА, АЖРИ, ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілерімен
медициналық ұйымдарға (МСАК, стационарлар) жүгінген пациенттерді;
- реанимация және қарқынды терапия бөлімшелеріне (бұдан әрі -
РҚТБ) АЖРИ-мен емдеуге жатқызылған пациенттерді тұмау, ЖРВИ және
COVID-19 вирустарына зертханалық тексеруді;
17) мынадай жағдайларда АЖРИ белгілерімен РҚТБ-ге емдеуге
жатқызылғандарды тұмауға және COVID-19-ға зерттеу үшін биоматериал
алуды қамтамасыз етсін:
- егер РҚТБ-ге емдеуге жатқызылған пациенттерде биоматериалды
алу РҚТБ-ге ауысқанға дейін РҚТБ-дан тыс (қабылдау бөлмесі немесе басқа
бөлімше) 2 тәулік ішінде жүргізілсе, биоматериалды алу жүргізілмейді;
- стационарға түскеннен кейін 2 және одан да көп күннен кейін РҚТБға ауысқан кезде тұмауға және COVID-19-ға үлгілерді қосымша алу
жүргізіледі.
3. Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім
басқармаларының, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық
тиесілі білім беру ұйымдарының басшылары білім беру және тәрбиелеу
объектілерінде:
1) қатыспауының себебін анықтай отырып, оқушылардың,
қызметкерлердің қатысуына күнделікті мониторинг жүргізуді және
медициналық ұйымдарды хабардар етуді;
2) балаларды тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында
сырқаттанушылықтың тіркелуінің алдын алу мақсатында ЖРВИ, тұмау және
COVID-19 белгілері бар адамдар үшін күнделікті «таңертеңгі сүзгіні» өткізуді
ұйымдастыруды;
3) таңертеңгі сүзгі кезінде анықталған тұмау, ЖРВИ және COVID-19
белгілері бар балаларды уақтылы шеттетуді ұйымдастыруды;
4) білім беру ұйымдарына баратын, ауырған балаларды бір күн ішінде
ата-аналары келгенге дейін оқшаулауды ұйымдастыруды;
5) білім беру ұйымдарында әр қабатта, әр сыныпта (аудиторияда,
кабинетте) оқушылардың, персоналдың қолын өңдеу үшін тері антисептигі
бар санитайзерлерді орнатуды;
6) жеке гигиена қағидаларын сақтау және ЖРВИ мен тұмаудың,
COVID-19 профилактикасы мәселелері бойынша оқушыларға тақырыптық
диктанттар жүргізуді;
7) ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілуі кезеңінде:
- бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныптағы оқушылардың ЖРВИмен ауыруы сыныптағы оқушылар санының 20%-дан 30 %-на дейін тіркелген
кезде жалпы білім беру ұйымдарында кабинеттік оқыту жүйесін
болдырмауды, күнтізбелік он күннің ішінде сыныптарға жаңа балаларды
қабылдауға тыйым салуды ұсынуды;
– эпидемиялық процеске бір инкубациялық кезең ішінде сыныптағы
оқушылар санының жалпы саны 30% және одан да астам ЖРВИ-мен ауырған
науқастары тартылған жағдайда, оқушыларды онлайн оқытуға ауыстыру
жүзеге асырылады;
- Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық
бөлімшелерімен бірлесіп тұмау, ЖРВИ және COVID-19 бойынша 2024-2025
жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық кезінде білім беру
ұйымдарының персоналын тұмаудың, тұмау емес этиологияның басқа да жіті
респираторлық инфекцияларының және COVID-19 профилактикасы
шараларына оқытуды жүргізуді;
8) екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдерді тұмауға қарсы
вакцинациялау және оларды вакцинациялау туралы ақпараттық-түсіндіру
жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) үйде шақыруларға қызмет көрсету үшін жағдайлар жасауды;
2) төсек қорының қамтамасыз етілуіне және қамтылуына мониторинг
жүргізуді, эпидемиялық жағдай асқынып кеткен жағдайда медициналық
ұйымдардың стационарларында қосымша инфекциялық төсек-орындарды ашу
бойынша шаралар қабылдауды;
3) мобильді топтарды ұйымдастыруды қарастыруды қамтамасыз
етсін.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетiнің облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық
бөлiмшелерiнің басшылары:
1) 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде тұмау, ЖРВИ және
COVID-19-бен сырқаттанушылықтың эпидемиялық көтерілуі кезеңінде
медициналық ұйымдардың жұмысқа дайындығына бағалау жүргізуді;
2) № ҚР ДСМ-47 бұйрыққа сәйкес жіті респираторлық вирустық
инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) кезінде
санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық ісшараларды жүргізуді;
3) Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы
филиалдарымен салыстырып тексеру жүргізе отырып, ЖРВИ, тұмау және
COVID-19 жағдайларын есепке алуды;
4) ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап жас ерекшеліктері,
тәуекел топтарының санаттары бойынша халықты тұмауға қарсы иммундауға
күн сайын мониторинг жүргізуді;
5) ағымдағы жылғы 16 тамыздан бастап аумақтар, жас ерекшеліктері
және тәуекел топтары бойынша тұрғындар арасында ЖРВИ, тұмау және
COVID-19-бен сырқаттанушылыққа, тұмауға қарсы вакцинацияланғандар
арасында, жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ мен
тұмаумен сырқаттанушылыққа апта сайын мониторинг жүргізуді;
6) ЖРВИ, тұмау және COVID-19-бен сырқаттанушылық бойынша
эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, апта сайынғы бақылау
деңгейлерінен артқан кезде аумақтарда шектеу іс-шараларын енгізуді;
7) екінші және үшінші триместрде жүкті әйелдерді тұмауға қарсы
вакцинациялау және оларды вакцинациялау туралы ақпараттық-түсіндіру
жұмыстарын жүргізуді;
8) жергілікті атқарушы органдарды ЖРВИ-мен, тұмаумен және
COVID-19-бен сырқаттанушылық және олардың асқынулары (пневмония),
өңірде айналымда жүрген вирус түрлерінің белсенділігі және тұмау мен
ЖРВИ-дың профилактикасы және оған қарсы күрестің қажетті шаралары
бойынша эпидемиялық жағдай туралы хабардар етуді;
9) халық арасында тұмаудың, ЖРВИ мен COVID-19-дың
профилактикасы және оған қарсы күрес шаралары туралы, сондай-ақ жұмыс
берушілердің қаражаты есебінен жұмыскерлерді тұмауға қарсы
вакцинациялау бойынша ірі кәсіпорындардың жұмыс берушілерімен
ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтмасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық
сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорны:
1) молекулалық-генетикалық зерттеу (ПТР, секвенирлеу) жүргізуге
арналған зертханалық шығыс материалдардың, тест-жүйелердің,
диагностикумдардың азайтылмайтын қорын;
2) молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізуді (ПТР,
секвенирлеу);
3) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес үлгілер келіп түскен күннен
бастап үш күннен кешіктірмей зерттеу нәтижесін бере отырып, ЖРВИ, ТҰА
және АЖРИ-ды күнделікті және шолғыншы қадағалау шеңберінде алынған
материалды COVID-19-ға да зерттеу жүргізуді;
4) республикамыздың Солтүстік Батыс өңірінің (Ақмола, Атырау,
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар,
Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарының, Астана қаласының) шолғыншы
және күнделікті орталықтарынан түскен тұмауға оң үлгілерді қайта тестілеу
арқылы зертханалық зерттеулердің сапасына бағалау жүргізуді, сондай-ақ
«кері байланыс» қағидаты бойынша аумақтық вирусологиялық зертханаларға
зертханалық зерттеулер нәтижелерін уақтылы ұсынуды;
5) тұмауға арналған кәсіптік панельдерді дайындауды;
6) эпидемиологиялық деректерді, ПТР және секвенирлеу әдісімен
зертханалық тестілеу нәтижелерін ДДҰ ЕӨБ (Tessy) апталық есебіне енгізуді;
7) ЖРВИ, тұмау, COVID-19 бойынша шолғыншы және күнделікті
қызметті және ҰЭО филиалдарының вирусологиялық зертханалар
орталықтарының қызметін бағалауды жүргізу үшін бару арқылы
ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.
Қайырбекова атындағы ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми
орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны:
1) ағымдағы жылғы 16 тамыздан бастап апта сайын жұма күндері
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялықэпидемиологиялық бақылау комитетіне және Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығының Жедел орталығына тұмау, пневмония, ЖРВИ және
COVID-19 (J00-06, 10, 11, 12.0, 12.2, 20.4, 20.5, 20.6, 20.9 кодтары, U07.1-07.2
АХЖ-10) диагнозы бойынша ауырған адамдардың, қайтыс болған адамдардың
саны туралы мәліметтерді ұсынуды (жүктеп алуды) қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің міндетін атқарушы Н. Сәдуақасов