АПВ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

АПВ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Адам папилломасы вирусы(АПВ)-бұл теріні және дененің әртурлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгеруге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан, қатерлі ісік дамытуымен қауіпті.

Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900 жуық жаңа жағдайлары тіркеледі, 600-ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады. Біздің елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады.

АПВ вирусы қалай беріледі? АПВ вирусы адамнан адамға келесі жолдармен беріледі:

- тұрмыстық жанасу жолымен: қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға – моншаларға, сауналарға, спорт залдарына, бассейндерге, дәретханаларға барғанда өзіңізді уқыпты ұстағаныңыз дұрыс.

-жыныс жолмен: вирустардың онкогенді типтері жыныстық жолмен берілгенде жыныс мүшелері аймағында орналасатын ұшы сүйір сүйелдерді тудырады.

- тікелей жолмен туу кезінде: вирус анадан сәбиге оның босануы жолдарымен өту кезінде беріледі. Сүйелдер көбіне нәрестелерде өмірінің алғашқы жылдарында ауызда немесе теріде пайда болады.

-өзіне-өзі жұқтыру жолы: АПВ қырыну немесе эпиляция кезінде дененің бір бөлігінен екінші бөлігіне жиі ауысады.

Бүгінгі таңда АПВ емдеу жолы жоқ, алдын алудың бірден бір әдісі- бұл вакцинация. Жатыр мойны обырының (ЖМО) дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыруы себегі болатыны ғылыми дәлелденген.

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады және Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса алғанда, дүниежүзінің 135 мемлекеттерінде жасалынады

2024 жылғы күзден бастап Қазақстанда 11 жасар қыз балаларға АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізілетін болады. Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі. Вакцинация ата-аналарының немесе қамқоршыларының хабарланған ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. АПВ-ға қарсы вакцина мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде қолжетімді.