Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы

Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы

Денсаулық – әрбір адамның жеке басының және жалпы қоғамның баға жетпес байлығы.
Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы – баланың жалпы дамуы мен әл-ауқатына пайдалы әсер ететін тағамдарды тұтыну болып табылады. Оқу барысында мидың белсенділігіне оң әсер ететін тағамдарды тұтыну да маңызды.
Білім беру объектілерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда, балалар үйлерінде, балалар сауықтыру және санаториялық-курорттық мекемелерде тамақ өнімдерін өндіру жағдайларына қойылатын талаптар ҚР ДСМ 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ -16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (04.04.2023 ж. № 58 өзгертілген) (бұдан әрі – Қағидалар) қағидасымен регламенттелген.
Қағидаға сәйкес, күнделікті рационда ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер мен қант болуы керек. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті кемінде жеті күнтізбелік күнде бір рет енгізіледі.
Жалпы білім беретін ұйымдарда бірінші ауысымның білім алушылары үшін бір-екі рет тамақтану – екінші таңғы ас немесе екінші таңғы ас пен түскі ас, екінші ауысымның білім алушылары үшін – бесін ас, ұзартылған күн топтары үшін – екінші таңғы ас, түскі ас және бесін ас көзделеді. Балалар тәулік бойы болатын кезде кемінде бес рет тамақтану көзделеді.
     Таңғы ас ыстық тағамнан (бірінші немесе екінші) және ыстық сусыннан, жұмыртқадан, сары май немесе ірімшік қосылған бутербродтан тұрады. Екінші таңғы асқа шырындар, жемістер көзделеді.
      Түскі асқа салат, бірінші, екінші тағам (негізгі тағам еттен, балықтан немесе гарнирі бар құс етінен) және үшінші тағам (компот, кисель, шай және шырындар) кіреді. Пісірілген және жас көкөністерден оңай жасалатын салаттар дайындалады.
      Бесін аста мәзірге тоқашпен немесе кремі жоқ кондитерлік өнімдермен бірге сусын (сүт, сүт қышқылы өнімі, кисель, шырындар) енгізіледі.
      Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан, негізгі екінші тағамнан (ет, балық немесе гарнирі бар құс еті), сусыннан (шай, шырын, кисель) тұрады.
      Сонымен қатар, екінші кешкі асқа жемістер немесе ашытылған сүт өнімдері, нан немесе кілегейсіз кондитерлік өнімдер кіреді.
    Дұрыс құрылымдалған күн мәзірі ас қорыту жүйесінің ауруларының алдын алуда маңызды рөл атқарады. Тамақтану арасындағы аралық 3,5 - 4 сағаттан аспауы керек.
Балалар мен жасөспірімдердің ас мәзірінде дәрумендер мен минералды кешендермен байытылған тағам өнімдері көзделуі керек.
 Йод тапшылығы ауруларының, темір тапшылық анемиясының, әртүрлі гиповитаминоздардың алдын алу үшін, сонымен қатар иммунитетті нығайту үшін тағамды дайындау кезінде йодталған тұзды және байытылған ұнды пайдалану қажет.
Объектілерде: қышқыл сүт, сүзбе, айран, еті бар құймақ, теңіз үлгісіндегі макарон өнімдері, кілегей қосылған кондитерлік өнімдер, кондитерлік өнімдер және тұтыну пакеттеріндегі тәттілер (шоколад, кәмпиттер, печеньелер), өндірістік емес (үйде жасалған) азық-түлік өнімдері, фастфуд-фудтар – гамбургерлер, ход-догтар, пиццалар, наггетстер, чипсілер (чипсондар), дәмдік қоспалары бар тұздалған қытырлақ нандар, ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) және т.б. дайындауға және өткізуге жол берілмейді.
Балалар біздің болашағымыз. Балаларға ерте жастан бастап дұрыс тамақтануды сіңіру керек. Үйде және сыртта бала дұрыс тамақтану принциптерін ұстанғаны жөн.

Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы