Нан және нан өнімдерін тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Нан және нан өнімдерін тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Шаруашылық жүргізуші субъектілер өз қызметін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

Тамақ өнімдерін нан және нан өнімдерін тасымалдауға тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған арнайы мамандандырылған көлік құралдарымен және контейнерлермен ғана рұқсат етіледі.

Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын 2021 жылғы 4 тамыздағы № 73 санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, пайдаланылған картоннан жасалған көліктік қаптаманы, тамақ өнімдерімен жанасуға арналмаған, жууға және дезинфекциялауға жатпайтын материалдардан жасалған көп рет пайдаланылатын көліктік қаптаманы, басқа өнімдер үшін пайдаланылатын көліктік қаптаманы пайдалана отырып, нан және нан өнімдерін сақтауға және (немесе) тасымалдауға жол берілмейді. Нанды көп салып тасымалдауға болмайды.

Өнімді сату нүктелеріне жеткізу үшін белгіленген тәртіппен «Эпидемиялық маңызды емес объектілер қызметінің (пайдалануының) басталғаны туралы хабарлама» құжат болған жағдайда, арнайы жабдықталған көлікті пайдаланылуы тиіс.

Тасымалдау, түсіру жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.  2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 қолданыстағы бұйрыққа сәйкес, міндетті алдын ала (жұмысқа кірген кезде) және мерзімді медициналық тексеруден өтуі тиіс.

Тамақ өнімдерін қабылдаумен, тасымалдаумен, түсірумен, сақтаумен, өлшеп ораумен, өткізумен айналысатын адам жеке өндірістік гигиенаны сақтауға, тамақ өнімдерін механикалық бөлшектерден, микроорганизмдермен және басқа да ластаушы заттармен ластанудан  қорғау үшін арнайы киіммен және аяқ киіммен жұмыс істеу керек.

Қызметкерлердің өндіріске (бар болса) және сауда үй-жайларына арнайы киімсіз кіруіне, сыртқы жеке киімін киюіне, өндірістік және қойма үй-жайларында бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.