Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақтардың денсаулығын қорғау

Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақтардың денсаулығын қорғау

2024 жылғы 21-27 сәуір аралығында Қазақстан Республикасында «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақтардың денсаулығын қорғау» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі.

Апта ішінде ауданның медицина қызметкерлері ұсынылған мерзімде вакцина түрлері бойынша профилактикалық екпе алмаған адамдарға қайталама иммундау жүргізеді. Дифтерия, сіреспе, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, А вирусты гепатиті және басқа да вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы вакцинация жүргізіледі. Белгілі бір себептермен екпе алмаған немесе екпе курсы толық емес немесе егу туралы құжаттық дәлелдемелері жоқ балалар, жасөспірімдер және ересектер вакцинациялауға жатады.                                                                                                                                                                

Вакциналар - бұл миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін медицина ғылымының сөзсіз жетістігі. Вакциналар медицинаның қазіргі даму кезеңінде де тиімді емдеу құралдары табылмаған ауруларға қарсы жасалған. Сондықтан жұқпалы аурулардың алдын алу денсаулық сақтаудың басым бағыты болып қала береді. Мемлекеттік деңгейде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әрбір адамды аурудан қорғау мақсатында құжаттар қабылданады, сондықтан профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесі бекітіледі.                                                                                                                      

Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне 12 инфекцияға қарсы егулер кіреді: В вирустық гепатиті, туберкулез, дифтерия, көкжөтел, сіреспе, полиомиелит, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, пневмококк инфекциясы, гемофильді инфекция, 2024 жылдан бастап адам папиломасы вирусына(АПВ) қарсы вакцинация енгізілді. Халықты жоспарлы егуден басқа, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық егулер де жүргізіледі: құтыру, бруцеллез, вирустық гепатит А, кене энцефалиттері, лептоспироз, сібір жарасы, туляремия және басқа да эпидемиялық жағдай қажет болса.                                                                                                                                                                           

Қазақстан Еуразиялық аймақтың орталығында орналасқан және сырттан инфекциялар әкелудің күнделікті нақты қаупі бар. Иммунопрофилактика саласындағы мемлекеттік саясат алдын алуға, ал сырттан әкелінген жағдайда жұқпалы аурулардың таралуын шектеуге және жоюға бағытталған.       

Вакцинацияның тиімділігі вакцинациямен қамтудың толықтығы мен уақтылығына байланысты, бұл ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша оңтайлы көрсеткіш әрбір әкімшілік аумақта кемінде 95% болуы тиіс. Қамту көрсеткіштерінің төмендеуі инфекцияға сезімтал адамдар санының жиналуына әкеледі, нәтижесінде аурудың өршуі пайда болады. Еуропалық иммундау апталығына белсенді қатысыңыз! Вакцинация алып - өзіңізді аурулардан қорғаңыз !