Дәнді дақылдардың шегіртке тектес зиянкестерімен күресу

Дәнді дақылдардың шегіртке тектес зиянкестерімен күресу

Ауданның ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінде 2024 жылы болжамды химиялық өңдеу әдеттегі емес шегіртке тұқымдыларына қарсы 5041га (мемлекеттік қордағы жерлер), 1981 га (АШТӨ), табынды шегіртке тұқымдыларына қарсы - 3056 га құрайды.

Шегіртке тектестерге қарсы күрес шаралары жүйесі агротехникалық және химиялық шаралар кешенін қамтиды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19.03. «Қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер  тізбесін және Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 100 қаулысына сәйкес - жер пайдаланушылар көктемгі-жазғы тексеру кезеңінде өз жерлерінде зиянды организмдерді (әдеттен тыс шегіртке және басқалар) есепке алуды және анықтауды жүзеге асырады.

 «ҚР-да өсімдіктерді қорғау туралы» заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған: «фитосанитариялық бақылау объектілерінде фитосанитариялық мониторинг және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізбеу, саны ЗЭШ-тен жоғары зиянды организмдердің дамуына және таралуына әкеп соқтырған жеке тұлғаларға - 5, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады» (ҚР ӘҚБтК 403-бабы, II бөлімі).

 

ҚР АШМ АӨК МИК

Железин ААИ өсімдіктер карантині

жөніндегі бас инспекторы                                     С.Мухаметкалина