Құрметті Железин ауданының тұрғындары!

Құрметті Железин ауданының тұрғындары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан Наурыз мейрамы – мәдени құндылықтарымыз бен мызғымас салт-дәстүріміздің жарқын көрінісі.Халқымызға тән қонақжайлық, ізгілік, адамгершілік қасиеттері Наурыз мейрамында айқын көрінеді.

Күн мен түн теңеліп, ызғарлы қыстың орнына шуақты көктем келгенде, табиғатпен бірге адамзат рухы да жаңарады.Ежелден-ақ наурыз –жаңару мен жасампаздықтыңарқауы болып саналған.

Наурыз жаңаруды бейнелей отырып, жаңа Қазақстанды салу жолының контекстінде ерекше символдық мәнге ие. Көктемгі табиғат мерекесіндей біз де қоғамның барлық деңгейлерінде өзгерістерге, жаңаруға және дамуға ұмтыламыз!

 

Қадірлі ағайын! Қымбатты жерлестер! 

Осы көктемнің шуақты мерекесімен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

 

Аудан әкімі                                                       А. Шайхимов