Әдеп жөніндегі уәкіл деген кім

Әдеп жөніндегі уәкіл деген кім

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.

- консультативтік көмек көрсетеді және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

- басшылықтың тапсырмасы бойынша қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

- ұжымда жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

- мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолданады;

- қызметтік әдеп нормаларының сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;

- мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;

- мемлекеттік органның басшылығына мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдамау жағдайлары туралы хабарлайды;

- мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізеді және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою жөнінде ұсынымдар енгізеді;

- басшыға мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу туралы ұсыныстар енгізеді.

 

Дереккөз: ҚР ҚП 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153