Құрметті Железин ауданының тұрғындары!

Құрметті Железин ауданының тұрғындары!

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

         Жүргізілген реформаға сәйкес, Мәжілістегі мандаттар саны 107 орнына 98 – ге дейін қысқарды.

         Сондай-ақ, сайлау тек партиялық тізімдер бойынша сайлау арқылы ғана емес, енді нақты кандидаттарға да дауыс беру мүмкіндігі пайда болды.

         Алдағы сайлауда Мәжіліс депутаттарының 70% - ы партиялық тізімдер бойынша, ал 30% - ы бір мандатты округтер бойынша сайланатын болады.

         Аралас сайлау жүйесі бойынша 50-ден 50-ге дейінгі арақатынаста облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлау да өтеді.

         Ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлауда азаматтар бір мандатты округтер бойынша кандидаттарға ғана дауыс беретін болады.

         Сайлаушыларға сайлауда дауыс беру мүмкіндігі беріледі:

         саяси партиялардан кандидаттар үшін (тізім бойынша);

         бір мандатты округтерден кандидаттар үшін (қоғамдық ұйымдар ұсынған немесе өзін-өзі ұсынған).

         Барлықтарыңызды дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамыз.

         Әркімнің дауысы маңызды.