Мүдделер қақтығысы туралы

Мүдделер қақтығысы туралы

Мүдделер қақтығысы - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, бұл ретте аталған адамдардың жеке мүдделері өздерінің лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін.

Мүдделер қақтығысы субъектісі жеке мүдделерінің ықпалымен өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайларды мүдделер қақтығысы ретінде емес, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік және өзге де жауапкершілік көзделген заңсыз мінез-құлық фактісі ретінде қараған жөн.

Мүдделер қақтығысының субъектілеріне тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сонымен қатар мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар, мемлекеттік органдардың басшылары және т. б. жатады.

 Бірінші кезекте жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу жөнінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы тікелей басшыны немесе басшылықты жазбаша нысанда хабардар етуге тиіс.

Заңнамада көзделген шаралардан басқа, Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметшілерге жұмыс орны, жақын туыстары мен жекжаттарының лауазымы туралы, олар құрған шаруашылық жүргізуші субъектілер туралы мәліметтермен, БСН мен ЭҚЖЖ көрсете отырып, шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысу үлестерінің болуы, оларды лауазымды адамдар ретінде әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы өз өмірбаяндарын ерікті түрде толықтыру ұсынылады.

Мүдделер қақтығысына байланысты қандай да бір мәселелер туындаған жағдайда Әдеп жөніндегі уәкілге жүгінуге болады.

Железин ауданы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп жөніндегі уәкілі Р.Қ.Усина