Павлодар облысы, Железин ауданы Железин ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Павлодар облысы, Железин ауданы Железин ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2022 жылғы 23 қыркүйекте сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Железин ауданы бойынша барлығы 1 сайлау округіне 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (25%) - саяси партиялармен, 3 (75%)- өзін-өзі ұсыну тәртібі арқылы.

Саяси партиялар Железин сайлау округі бойынша кандидатурасын ұсынды: "AMANAT" партиясынан - 1 кандидат.

Орташа бәсекелестік 4 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2022 жылғы 28 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.

2022 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша округте кемінде екі адам ұсынылды.

Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.

2022 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша 1 кандидат тіркелді (25%).

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.