2022 жылдың электоралды кезеңіне материалдарды қабылдау шарттары, «Железин ауданының ақпараттық орталығы» ЖШС қызметтеріне ақы төлеу нысандары мен мөлшерлері туралы ақпарат

2022 жылдың электоралды кезеңіне материалдарды қабылдау шарттары, «Железин ауданының ақпараттық орталығы» ЖШС қызметтеріне ақы төлеу нысандары мен мөлшерлері туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Железин ауданының ақпараттық орталығы» ЖШС Железин ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттар үшін материалдарды қабылдау шарттары, редакцияның ақпараттық қызметтеріне ақы төлеу нысандары мен мөлшері туралы ақпарат жариялайды.

Президенттікке кандидаттардың өмірбаян деректерін, сайлау алдындағы бағдарламаның ережелерін және фотосуреттерін орналастыру үшін газет алаңының бір шаршы сантиметрінің құны 300 (үш жүз) теңгені; ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттар үшін – 200 (екі жүз) теңге мөлшерінде; сайлау комиссияларының ақпараттық материалдарын орналастыру үшін - 150 (бір жүз елу) теңге мөлшерінде құрайды. Төлем нысаны қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз - 100% алдын ала төлем.

Материалдарды ұсыну шарттары мен орналастыру тәртібі: өмірбаяндық деректері, сайлау алдындағы бағдарламаның ережелері мен графикалық бейнелері бар материалдарды ақпараттық қызметтер көрсету мен ақы төлеуге шарт жасалғаннан кейін редакция сәрсенбіден кешіктірмей газеттің кезекті дайындалып жатқан нөміріне жариялауға қабылдайды.

Ұсыну тәсілдері - кандидаттың не сенімді тұлғаның қолы қойылған қағаз тасығышта және электрондық түрде (флеш-тасығыш немесе электрондық пошта). Кандидаттардың сөз сөйлеу кезектілігі өздері көрсеткен газет нөміріндегі материалдардың келіп түсу ретімен не, егер өтініштер редакцияға бір мезгілде келіп түссе, жеребе бойынша белгіленеді.

Кандидаттардың сайлау алдындағы материалдары 1, 7 және 8 беттен басқа кез келген бетте жарияланады.

Сайлау алдындағы ақпараттық және үгіт материалдарын орналастыру мәселелері бойынша Павлодар облысы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарласуға болады.

E-mail: rp-press@mail.ru, телефон (факс): 8(71831) 2-20-33.