ХҚО-лар қолхат беруді тоқтатады

ХҚО-лар қолхат беруді тоқтатады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін қағазсыз қызметке ауыстырмақ. Қазірдің өзінде ХҚО-ларда 8 қызмет бойынша қағаз түрінде берілетін қолхатты қысқартты. Жақын арада барлық мемлекеттік қызмет қолхатсыз көрсетілетін болады.
Енді клиенттер құжаты дайын болғанда қай ХҚО-ға жүгіну керектігі және уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді. ХҚО операторына қолхаттың осы электронды нұсқасын көрсетсе жеткілікті.
Қолхат берілмейтін қызметтер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу;
2. Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
3. Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;
4. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
5. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру;
6. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;
7. Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру;
8. Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру.