Павлодар облысы Железин ауданы Ақтау ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Павлодар облысы Железин ауданы Ақтау ауылдық округінің сайланған  әкімін тіркеу туралы Железин аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2022 жылғы 22 мамырда Ақтау сайлау округі бойынша Павлодар облысы Железин ауданы Ақтау ауылдық округі әкімнінің сайлау өтті.
Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына, 44- бабының 2) тармағына, 45-бабына, 113-10 бабына сәйкес, Павлодар облысы Железин ауданы Ақтау ауылдық округі әкімнінің сайлауы нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіленді.
Ақтау ауылдық округі әкімінің
сайлауы бойынша Ақтау сайлау округі
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 245 азамат енгізілді, оның 198.
Жарамсыз бюллетеньдер саны— 5, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылғандар - 8.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Булатов А.Н. -2; Малаева А.Н. - 0; Орынтаева Ж.Ж. - 183.
Ақтау ауылдық округінің әкімі болып Орынтаева Жанар Жанбутановна сайланды, 1982 жылы туған, "Железин ауданы Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі, Павлодар облысы Железин ауданы Ақтау ауылында тұрады, «Amanat» партиясы ұсынған.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарға сәйкес Павлодар облысы Железин ауданы Ақтау ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 22 мамырда өткен іріктеуінің қорытындысы туралы сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Павлодар облысы Железин ауданы Ақтау аулдық округінің әкімі болып 2022 жылғы 23 мамырда тіркелген Орынтаева Жанар Жанбутановна, 1982 жылы туған, қазақ, «Amanat» партиясының мүшесі, "Железин ауданы Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі, Павлодар облысы Железин ауданының Ақтау ауылында тұрады.

 

Железин аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы төрағасы