Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 5 маусымда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша республикалық референдум өткізіледі.
Нақтылы сайлау учаскесінде республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізіміне азаматты енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.
Сізді тізімге енгізу туралы мәліметтерді, өзіңіз туралы деректердің дұрыстығын Железинка ауылы, Әуезов көш, 19, 315 каб. мекен-жайында орналасқан Железин ауданының Call-орталығына (8 718 31) 22343 телефон нөмірі, e-mail: org.azhr@pavlodar.gov.kz, немесе WhatsApp: 87766225500 сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін хабарласып тексере және нақтылай аласыз.