Жыл басынан өңірде 300-ден астам коммерциялық заңды тұлға тіркелген

Жыл басынан өңірде 300-ден астам  коммерциялық заңды тұлға тіркелген

Бүгінгі күні Мемлекеттік корпорация заңды тұлғаларды тіркеу саласында көрсететін мемлекеттік қызметтерден Заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін (шағын және орта бизнес) бойынша мемлекеттік қызметтер egov.kz  порталы арқылы толықтай автоматтандырылған.

Мысалы, ЖШС ашу үшін жаңа бастаған кәсіпкерге жарғы, тіркеу жарналарын төлеудің немесе мемлекеттік кірістер департаментіне барудың қажеті жоқ. Тек компьютер мен электрондық цифрлық қолтаңба қажет. egov.kz порталында ЖШС тіркеу кезінде нұсқауларды дұрыс орындаған жағдайда, 30 минуттан аз уақыт кетеді. Мәселен, шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға құрылтайшы (құрылтайшылар) ҚР ӘМ белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Электрондық хабарлама "электрондық үкімет"веб-порталында толтырылады және беріледі.

Бұл ретте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.

 

"Тиісті ақпаратты толтырғаннан кейін жүйе барлық деректердің дұрыстығына тексеріс жасайды. Егер бәрі дұрыс болса, жүйе мәліметті өңдеп, ЖШС тіркеу туралы ақпаратты 10-нан 30 минутқа дейін береді", - деп толықтырды корпорацияда.