Железин ауданының әкімі А.А. Шайхимов ауданның әрбір елді мекенінде тұрғындармен кездесулер мен азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.

Железин ауданының әкімі А.А. Шайхимов ауданның әрбір елді мекенінде тұрғындармен кездесулер мен азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.

Ауыл тұрғындарына жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп, атқарушы органдармен жүргізілетін жұмыстар және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтылады. Кездесулер мен жеке қабылдаулар барысында аудан әкіміне халықтан жұмысқа орналастыру, кірме жолдарды жөндеу, абаттандыру, ауылдардың инфрақұрылымын дамыту, медициналық пункттердің жұмысы және басқа да мәселелер бойынша өтініштер түседі. Бірде-бір өтініш қараусыз қалмайды, сұрақтардың бір бөлігіне түсініктемелер беріліп, қалғандары бақылауға алынды. Сонымен қатар, А.А. Шайхимов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының сәйкестігі бойынша сауда нүктелеріне барып, шаруашылықтардағы мал қыстауының барысымен танысады.