Құрметті Железин ауданының тұрғындары! Сіздерді белсенді ынтымақтастыққа шақырамыз!

Құрметті Железин ауданының тұрғындары! Сіздерді белсенді ынтымақтастыққа шақырамыз!

Аудан әкімдігі 2022 жылға арналған іс-шаралар бағдарламасын әзірлеуде. Өңірімізді одан әрі дамыту үшін не қажет екенін бірлесіп анықтау мақсатында осы құжатты қалыптастыруға қатысуға шақырамыз. Железин ауданының тұрғындарынан нақты және сындарлы ұсыныстар алты негізгі бағыт бойынша қабылданады:
1. Кедейшілікпен күресу
2. Жастармен өзара қарым қатынас
3. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
4. Табыстың өсуі
5. Инфрақұрылымның тұрақты жұмысы
6. Халықпен байланыс kense.azhr@pavlodar.gov.kz электронды поштасына хат жіберу немесе әлеуметтік желілердегі тиісті жазбаға пікір қалдыру арқылы өз ойларыңызбен бөлісе аласыз. Барлық ұсыныстар 2022 жылдың 1 ақпанына дейін қабылданады. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін алдын ала рахмет.