Аудан әкімі А.Шайхимов аудандық мәслихат хатшысымен бірге Михайловка, Мыңкөл және Красновка ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Аудан әкімі А.Шайхимов аудандық мәслихат хатшысымен бірге Михайловка, Мыңкөл және Красновка ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Санитарлық нормаларды сақтай отырып, әкім ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізді, олардың барысында тұрғындарды ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстар, іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар, атқарушы органдардың жүргізіп жатқан жұмыстары және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Кездесулер мен жеке қабылдаулар барысында халықтан жұмысқа орналастыру, кіреберіс жолдарды жөндеу, абаттандыру, ауылдардың инфрақұрылымын дамыту, медициналық пункттердің жұмысы және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар келіп түсті.

Барлық өтініштер бақылауға алынып, тиісті жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында ауылдардың сауда нүктелеріне барып, шаруашылықтарда мал қыстауының өтуімен танысты.

 

Баспасөз қызметі