Аудан әкімі А.Шайхимов аудандық мәслихат хатшысымен бірге Есқара және Петропавловка ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Аудан әкімі А.Шайхимов аудандық мәслихат хатшысымен бірге Есқара және Петропавловка  ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Есқара ауылының тұрғындары жеңілдетілген су құбырының құрылысына қызығушылық танытты.
Сондай-ақ, тұрғындар кіреберіс жолды жөндеу және қосымша көше жарығын орнату бойынша өтініш білдірді. Есқара ауылына сапар барысында әкім еліміздің оңтүстік өңірлерінен көшіп келген көпбалалы отбасына барып, шаруа қожалығындағы мал қыстағының өтуімен танысты.
Петропавловка ауылының тұрғындары кіреберіс жолды жөндеу, балалар алаңын жаңарту және ауылдық клубты ашу мүмкіндіктері бойынша өтініш білдірді.
Барлық өтініштер бақылауға алынып, тиісті жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар берілді.

 

Баспасөз қызметі