Аудан әкімі А.Шайхимов Веселорощин ауылдық округіне кезекті жұмыс сапарын жалғастырды.

Аудан әкімі А.Шайхимов Веселорощин ауылдық округіне кезекті жұмыс сапарын жалғастырды.

Жаңабірлік ауылының тұрғындарын негізінен қар тазалау, жайылымдық жерлерді кеңейту, зиратты қоршау және газ баллондарының бағасы мәселелері қызықтырды. Славяновка ауылында КБМ-нен мектепке су құбырын жүргізу, медицина қызметкерінің ауылға кесте бойынша шығуын қамтамасыз ету, қосымша шамдар орнату және интернет жұмысын жақсарту сұралды. Веселая роща ауылында халықты такси мен отын бағасы, аудан орталығымен автобус қатынасының болмауы, спорт алаңының жұмысы және ауылдан тыс құлап жатқан ағаштарды тегін әкетуге рұқсат берілмейтіні туралы мәселелер мазалайды. Дүйсеке ауылында тұрғындар медицина қызметкері мен мал дәрігерінің жұмысына, су ұңғымасына дейін қар тазалауға және малға жазғы суат ұйымдастыруға назар аударды. Барлық өтініштер бақылауға алынып, тиісті жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында ауылдардың сауда нүктелеріне барды.

 

Баспасөз қызметі