«Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау. Селекциялық жетістік авторының құқықтары»

«Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау. Селекциялық жетістік авторының құқықтары»

«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі №422-1 Заңына сәйкес селекциялық жетістікке құқық патентпен расталады. Патент жаңалығы, ерекшелігі, біртектілігі және тұрақтылығы бар селекциялық жетістікке беріледі.

Селекциялық жетістікке патент ұсынатын құқықтық қорғау белгілері сорттың, тұқымның сипаттамасына енгізілген белгілердің жиынтығымен айқындалады.

 Селекциялық жетістікке Патент алдын ала сараптама және патент қабілеттілігіне сараптама нәтижелері бойынша беріледі.

Алдын ала сараптаманы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны сараптама ұйымы жүргізеді.

 Селекциялық жетістіктің ұсынылған атауының дұрыстығын тексеруді, селекциялық жетістікті қорғау саласындағы қызмет түрі ретінде патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығын сараптауды және сынауды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады, ол өндірісте пайдалануға ұсынылатын тиісті селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді.

Патент иеленушінің селекциялық жетістікті пайдалануға айрықша құқығын, оның басымдығы мен селекционердің авторлығын куәландырады.

Өсімдіктердің сорттарына патенттің қолданылу мерзімі 25 жылды, жануарлардың тұқымдарына-30 жылды құрайды, жүзімнің, ағаш сәндік, жеміс және орман дақылдарының, оның ішінде олардың телітілген тұқымдарына сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен бастап 35 жылды құрайды.

Патенттің қолданылу мерзімі ұзартудың әрбір жылы үшін жүргізілген төлемді ескере отырып, патент иесінің өтініші бойынша, бірақ он жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

 

Тереңкөл ауданаралық Әділет басқармасы