АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (ХАБАРЛАМА)

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (ХАБАРЛАМА)

2021 жылғы 22 қарашада сағат 09.00-де шаруа немесе фермер қожалығын ,ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындыларын шығару жөніндегі жер комиссиясының отырысы өткізіледі (Бұдан әрі- Конкурс). Конкурс мына мекенжайы бойынша өткізіледі: Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, Ленин көшесі, 71, акт залы.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің  тізбесі және оларға құқықтар

№ лот

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (бонитет балы, жалпы алаңы, алқаптардың құрамы)

Жалдау мерзімі жыл

Жер учаскесінің орналасқан жері

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Сумен қамтамасыз етілуі

1 (1)

Бонитет балы 14,4. Қара қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 167,2 га, соның ішінде 166,6 га егістік, 0,5 га жолдар жиегі, 0,1 га арықтар

15 жыл

Равнополь ауылдық округі (бұрынғы 30 – летия Казахской ССР ұжымшарының жері, № 14 алқаптың батыс бөлігі)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Жоқ

2 (8)

Бонитет балы 22,2. Қара қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 52,5 га, соның ішінде 52,5 га егістік

15 жыл

Лозов ауылдық округі (бұрынғы 40 лет Октября ұжымшарының жері, № 12 алқаптың бөлігі)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Жоқ

3 (13)

Бонитет балы 15,4. Қара қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 164,6 га, соның ішінде 163,3 га егістік, 1,1 га жолдар жиегі, 0,2 га арықтар

15 жыл

Равнополь ауылдық округі (бұрынғы 30 – летия Казахской ССР ұжымшарының жері,  фрегаттар №№ 28, 31)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Жоқ

4 (16)

Бонитет балы 12,3. Қара қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 343,8 га, соның ішінде 316,4 га егістік, 24,8 га шабындық жайылымдар, 2,4 га жолдар жиегі, 0,2 га арықтар

15 жыл

Равнополь ауылдық округі (бұрынғы 30 – летия Казахской ССР ұжымшарының жері,  фрегаттар №№ 23, 24, 26, 27)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Жоқ

5 (17)

Бонитет балы 14,6. Қара қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 325,3 га, соның ішінде 322,0 га егістік, 2,0 га жолдар жиегі, 1,3 га орман белдеуі

15 жыл

Равнополь ауылдық округі (бұрынғы 30 – летия Казахской ССР ұжымшарының жері,   фрегаттар №№ 65, 66, 67, 68)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Жоқ

6 (22)

Бонитет балы 17,9. Қара қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 338,2 га, соның ішінде 337,0 га егістік, 1,2, га жолдар жиегі

15 жыл

Лозов ауылдық округі (бұрынғы «Маяк»ұжымшарының жері, аттамалы арқылы телім, № 35 алқап)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Жоқ

7 (2)

Бонитет балы 15,1. Қара қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 113,3 га, соның ішінде 113,3 га егістік

15 жыл

Қоңырөзек ауылдық округі (бұрынғы «Заря Коммунизма» ұжымшарының жері, № 23 алқаптың шығыс бөлігі)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Жоқ

8 (26)

Бонитет балы 21,0. Қара қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 122,8 га, соның ішінде 122,0 га егістік, 0,8 га жолдар жиегі

15 жыл

Ольгин ауылдық округі (Энгельс атындағы ұжымшарының жерлері, фрегат № III, ауыспалы егіс нөмірі 12)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Жоқ

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2021 жылғы 01 қарашадан бастап 2021 жылғы 19 қарашаны қоса алғанда жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) конкурсқа қатысуға өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

Өткізілетін Конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар қатысуға құқылы емес.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім (Бұдан әрі - Өтінім) қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші Конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына (Бұдан әрі - Шарт) қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға жатады.

Конкурстық ұсыныста мыналар болуы тиіс:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар Шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, Конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, Конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде жазба көрсетіледі «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және      «2021 жылғы «22» қарашаға дейін ашуға болмайды» деген жазба көрсетіледі.

Конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін қатысушы өзі енгізген конкурстық өтінімді өзгерте немесе қайтара алады. Өзгерістер конкурстық өтінімнің әзірленуі сияқты, жабылуға және табыс етілуге тиіс. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы ескерту, егер оны ауданның ЖАО конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін алған болса, жарамды болып табылады. Конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынғаннан конкурстық өтінімдерге ешқандай өзгеріс енгізуге болмайды.

Конкурстың қорытындылары Қонкурсқа қатысуға Өтінімдер беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні шығарылады.

Конкурстың жеңімпазы Шартына хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға келіп қол қояды. Шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпазы бір жыл бойы келесі конкурстарға қатысуға құқығы болмайды.

Конкурсқа қатысуға арналған Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мына мекенжайы бойынша жүргізіледі: Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, 10 лет Независимости көшесі, 30, Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуға болады тел. 8(718)-34-91730.