Брейн-рингке 4 команда қатысты. К.Әлсейітов атындағы аудандық мәдениет үйі, орталықтандырылған кітапхана жүйесі, мемлекеттік қызметкерлер және жастар құрамалары бақтарын сынады.. Тартысты күресте ОКЖ командасы жеңіске жетті. Екінші және үшінші орындарды мемлекеттік қызметкерлер мен К.Әлсейітов атындағы аудандық мәдение үйі командалары иеленді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бірінші орын Жаңаберді Д. -Железин ауылдық округі, екінші орынды - Мыңкөл ЖОББМ және үшінші орынды Баетова А. – Ақтау ауылдық округі. Барлық жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.