2021 жылдың 05 қазанында сағат 11:00-да ZООМ платформасында «Жер және тұрғын үй қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері» тақырыбында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге жергілікті атқарушы органдардың, Железин ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің, Железин ауданының жер қатынастары бөлімінің, Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары және мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысады.
Жәрмеңке сондай-ақ Instagram Zhelezinkalife және Facebook ZhelezinkaNew әлеуметтік желілерінің парақшаларында онлайн режимде көрсетілетін болады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы Сізді толғандыратын сұрақтар қоюға немесе әлеуметтік желілерде түсініктемелер қалдыруға шақырамыз.
Конференция идентификаторы: 86583362056.
Кіру коды: 669671.
«Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ