Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және оның ішінде оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 13-19 қыркүйек аралығында «Жасөспірім» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі .
Осы кезеңде полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар мен қолайсыз отбасыларды анықтау және есепке қою бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларда қару алып жүру және шанышпалы – кесетін заттарды анықтау, алкогольдік ішімдіктерді пайдаланатын кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша жұмыс ұйымдастырылады.
Бұдан басқа ювеналдық полиция қызметкерлері ересектер тарапынан құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау,кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сату, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде кешкі уақытта болуы мәніне рейдтік іс-шаралар жүргізеді.